Новости на Newstaraz.

Шымкенттік журналист елбасыдан министр Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті

newstaraz.kz
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов

Шымкентте жарыққа шығатын «Темірқазық-ой» басылымының бас редакторы Анара Сүлеева Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті.

Бұл туралы мәлімдемесін журналист әлеуметтік желідегі  парақшасында жазды.

Скриншот Анар Сүлееваның Facebook парақшасынын алынды

Похожие статьи

«Бүгінгі жаңалықтарда жағаны ұстатқан, Елбасының саясатына қарсы шығып отырған ІІМ Қ.Қасымов мырза парламент табалдырығында тұрып өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін айқын көрсетті. Елбасы «Сұрақ қай тілде сұратылса, сол тілде жауап бермесе жұмыстан кетуіне, жауапқа тартылуына шара көріледі» деген болатын. Енді, парламенттің мінберінде тұрған Қасымов мырзаға депутаттар неге мемлекеттік тілде жауап беріңіз деп талап қоймады? Машинист-депутат өз сөзінде тұрып сауалды қазақ тілінде берген кезде Қасымов мырзаның құлағынан аударма құлаққапты шекені мемлекеттік тілді түсінбегенін білдірмей ме?», — деп жазды Сүлеева.

Тіпті өз жазбасында журналист елбасыға қарата: «Сіздің саясатыңызға қарсы шыққан, мемлекеттік тілді менсінбеген, Тіл туралы заңды бұзып, тілімізді қорлаған Қасымов мырзаның жұмыстан кетуін Қазақстан мемлекетінің азаматшасы ретінде талап етемін» деген сөздермен талабын білдірді.

Бұдан бөлек автор заң орнындағылар заңға менсінбеушілікпен қараса, орындалмайтын заң шығаратын парламентті менсінбей отырса, онда ондай парламенттің жұмыс жасап тұруы да заңсыз деген ойын алға тартты.

Еске сала кетсек, мәжілістің ең жас депутаты Геннадий Шиповскихтің қазақша қойған сұрағына Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мемлекеттік тілде жауап бермеген еді.

Дереккөз: Nur.kz



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »