Новости на Newstaraz.

Шымкенттіктер Ресей азаматын төрт жыл бойы құлдықта ұстаған

newstaraz.kz

Ресей азаматы Шымкенттен нәпақа табамын деп құлдыққа түсті. Ер азаматты жаңа таныстары ұрып-соғып, күніне бір-ақ рет тамақ беріп отырған. Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

2006 жылы Ресейдің Тамбов облысы Уварово қаласының 33 жастағы тұрғыны Константин Шымкентке нәпақа табуға келеді. Ер азаматтың осы жерді таңдауына туыстарының тұрып жатқаны себеп болған. Алайда ол қонақжайлылықтың орнына қорлық көретінін білмеген.

Келе салысымен жаңа таныстары оны ішімдікке масайтып, құжаттарын тартып алған. Кейін Қызылқұмға малшы етіп, төрт жыл бойы құлдыққа жегеді. Олар ресейлікті жылусыз, жарықсыз баспанада ұстап, күнделікті соққыға жығып отырған. Ал тағамды ер адамға тек күніне бір-ақ рет берген.

Похожие статьи
Заңгер Елдар Қалиұлы

2010 жылы Константин тас жолға дейін қашып, автостоппен Шымкентке дейін жетіп үлгереді. Алайда соққылардан әбден қорқып қалған азамат полицейлерге жүгінбейді. Ол құжатсыз болғасын полицейлер қамап тастай ма деп қорыққан. Ақыры Константин Шардара ауданындағы фермаға малшы болып жұмысқа тұрады. Ол жерде ресейлік 2016 жылдың мамырына дейін жұмыс істеп жүрді. Ал кейін құлдыққа түскендерге көмек көрсететін орталық барын естігенде, бірден көмекке жүгінген.

«Шардара ауданында жұмыс шарты көңіл көншітерлік болмаған. Ол тек тағам үшін жұмыс істеді. Алайда жұмыс беруші оған құжатын қалпына келтіре салысымен жалақысын төлеуге уәде берген. Басынан өткерген жайттардан кейін Константин бұл шарттардың өзіне қуанышты болды. Ол бізге келе салысымен, біз Ресейге қайтып оралуға көмектесетін сертификат жасатып, жалақысын алуға көмектестік. Оның басшысы неге екенін, уәдесін ұмытып қалыпты. Алайда бізбен әңгімелескеннен кейін ол Константинге 1,5 млн теңге төлеп берді», — дейді «Сана Сезім» құқық қорғау орталығының заңгері Елдар Қалиұлы.

Осы уақытқа дейін Константинді анасы сабылып іздеген. Ер адам болса, өзін құлдыққа жеккендерге шағым түсіруден бас тартып, өмірінің соңғы он жылын қорқынышты түстей ұмытқысы келетінін алға тартқан. Сол себепті, бұл жайтқа кінәлілер жауапқа тартылмауы мүмкін.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »