Новости на Newstaraz.

Сыныптасы зорлап кеткенін ашық айтқан бойжеткеннен ата-анасы теріс айналды

newstaraz.kz

Осыдан он үш жыл бұрын өз сыныптасының зорлығына ұшыраған Мөлдір Жұмабаева өзінің зорланғанын ашық айтты. Қоғамдағы зорлық оқиғаларына қарсылық бойжеткен осылай қарсылық білдірмек болған.

Мөлдір оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне  толық баяндап берді.

Оқиға Мөлдір Жұмабаеваның 11 сынып бітіріп, жарты жылдан соң сыныптастастарымен бірігіп өткізген жаңа жыл кешінде орын алған. Таңға жуық сыныптасының «үйіңе жеткізіп саламын» деген сөзіне сенген Мөлдір оның көлігіне отырады. Ішімдікке сылқия тойған жігіт бірден қызға тап береді.

«Бір сағат па, әлде одан да көп уақыт өтті ме… білмеймін. Ұзақ арпалыстым. Пәктігім үшін. Бірақ ол менен күштірек болып шықты, жігіт емес пе?! Шамам келмеді. Болары болған соң, мені үйге жеткізіп салды. Анам үйде емес еді, түнгі ауысымда жұмыста болатын. Әкем байқаған да жоқ. Содан ешкімге тіс жармадым», — деп еске алады Мөлдір Жұмабаева.

Мөлдір бұл оқиғаны анасынан жасырып қалмаған.

«Анама бірден айтуға қорықтым, менен көңілдерінің қалатынына, олар үшін лайықты қыз, лайықты әпке болмай қалатыныма қорықтым. Полицияға арыздансам да жігіттің ата-анасы беделді кісілер, қандай жолмен болса да баласын соттатып қойып отыра алмаушы еді», — дейді ол.

Похожие статьи

Томаға тұйық күй кешкен Мөлдірдің анасы қызының басынан өткен бұл жайтты ешкімге білдірмеуге тырысады.

«Бұл не сұмдық», «енді қайттік» «масқара» деп абдыраған анасы да елге қарабет болмайық деп, адам баласына тіс жармауды шешкен.

Мөлдір Жұмабаеваның бұл оқиғасы бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген соң, анасы қарсылық танытып, қызынан теріс айналған. Ал әкесі арада талай уақыт өтсе де бұл жайдан әлі күнге мүлдем хабарсыз екен.

Ол анасынан «Сен бізді қара бет қылдың», «Дұшпандардың алдында таба қылдың», «Жабулы қазан жабулы қалу керек еді», «Жария қылмай тұрып, бізбен неге ақылдаспайсың», «Өткенді қозғаудың не керегі бар еді?», «Ұмыт! Өмір содан тоқтап қалған жоқ қой!» деген ауыр сөздерді естіп келетінін айтты.

«Менің тұрмысқа шыққым келмейді! Мен әзірге бала өсіргім келмейді! Бір данышпан айтқандай «Адамның жанын жадындағы ауыр ойлар кернесе, алдыға ұмтыла алмайды…». Мен айыққым келеді! Мен басқаларына көмектесе отырып, мен сияқты жылдар бойы жалғыз қиналған жандармен әңгімелесе отырып ауруларымнан айығамын…  Неге сендер үшін басқаның ойы маңыздырақ? Не мен, не сендер кінәлі болмасаңдар, неге бастарыңды төмен түсіресіңдер? Менің не кінәм бар айтшы? Кінәм неде? Сыныптасыма сенгенім үшін бе? Ол екеуіміздің дос болғанымызда ма? Оның ондай әрекетке баратынын ойламағаным үшін бе? Әлде енді барлығына пәк емес екенімді жариялағаным үшін бе? Айтшы мама, мен не үшін кінәлімін? Неге сендер менен бас тарттыңдар? Мені неге тыңдағыларың келмейді?», — деп Мөлдір жанайқайын жеткізді.

Талай тағдырлас қыздардың оқиғаларына қанық болған Мөлдір Жұмабаева әлеуметтік желідегі НеМолчиKZ тобының белсендісі ретінде қоғамдық мәселенің түйінін шешсем дейді. Бүгінде аталған топ зорлыққа ұшыраған қыз-келіншектердің тағдырына бей-жай қарамайтын жандардың басын біріктірген.

Мөлдірдің оқиғасы әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »