Новости на Newstaraz.

Төбелес шығарған ер адамға тосқауыл болмаған қазақстандық полицейлер жұрттың ашуын келтірді (видео)

newstaraz.kz

Танымал журналист Серік Аббас-Шах екі ер адам арасындағы болған қақтығысты тоқтатпай, әрекетсіздік танытқан қазақстандық полицейлердің әрекетіне ашуланды деп хабарлайды NUR.KZ.
Скриншот Серік Аббас-шах парақшасындағы видеодан алынды

Ол желідегі парақшасына видео жүктеп, ондағы полицейлер мен «жергілікті» дөкейдің қылығына ашуланды.

Видеодан белгісіз ер адам мен екінші біреумен жанжалдасып, қол көтеруге дейін барады. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісіне сес көрсетіп, оған түрлі былапыт сөздер айтады. Журналистің айтуынша, бұл оқиға Шымкентте болған. Десе, де бұл қай қалада болған жайт екені нақты белгісіз.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Похожие статьи

«Сен өзің кімсің, бұл менің аумағым», — деп айтып қалады ол. Екіншісі де қарап тұрмай: «Түсініп тұрмын, сіз не бұл жерді сатып алдыңыз ба?», — деп жауап қайырады. Боқауыз сөздер айтуды тоқтатпаған «сол аумақтың қожайыны» оның бұл сөзіне одан бетер ашуланып, оған қол көтеріп, қолындағы камерасынан бір-ақ ұрады.

Бір қызығы, бұл оқиғаның бәріне куәгер болып тұрған бір топ полицей қызметкері «өзін бұл жердің қожайыны» ретінде таныстырған тұлғаға еш кедергі болмай, қарап тұрған.

Танымал журналист Серік аббас-Шах полицейлердің бұл әрекетін түсінбей қалды.

«Құрметті шымкенттік ағайын, «аузы — боқтық, қолы — жұдырық» болып тұрған мына «жириновскийді» кім таниды? Ол сол жердің «xаны» па, «эмирсымағы» ма, жоқ, әлде, «шымкентский» рамзанқыдыров» па? Оның ел алдында еркінситіндей қандай статусы бар? Полицейлер оның алдында неге моп-мопақан?», — деп жазады ол.

Мұны көрген желі қолданушылары әрекетсіздік танытқан полицейлерді сөгіп тастайды.

«Масқара! Айдың-күннің амандығында құқық қорғау органдарының адамдарының алдында, көшенің ортасында тұрып осындай әрекеттер жасап тұрған қандай мықты мынау! Күніміз не боп барады!», — деп жазды қолданушылар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »