Новости на Newstaraz.

Түркістан әкімі өмір бойы мақта теріп, демалуды мүлде ұмытқан әжейді саяхатқа жіберді

newstaraz.kz
Фото: nur.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында еңбектенемін деп демалуды мүлде ұмытқан, мақта теруден рекорд орнатқан көпбалалы ана бір апта бойы Астана қаласында саяxаттайтын болды.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Похожие статьи

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші диқан ауылының тұрғыны, қала көлемінде екі рет озат мақта теруші атанған батыр ана Азат Мұстафаеваның арнайы қабылдады. Қабылдау барысында қала әкімі батыр ананың Астана қаласына барып, қыдырып қайтуына қолдау көрсететінін жеткізді.

«Қала әкіміне рахмет! Уәдесінде тұрып, менің Астана қаласына баруыма көмектесті. Мен он баланы өмірге әкелген батыр анамын. Жастайымнан бейнет көріп, қыдыру дегенді білмеппін. Соңғы кездері Астана қаласын бір көрсем деп армандайтын едім. Бірақ, оған қаржы жетіспейді. Осы ойымды іске асырсам деген ниетпен көмек сұрап, біраз бұрын қала әкімінің жеке қабылдауында болып, елордамыз Астана қаласын көргім келетінін айтқанмын. Сол кезде әкім «шамалы шыдаңыз, өзім көмектесемін» деп уәде берген еді. Енді міне, бас қалаға барып қайтатын билеттерім қолымда тұр. Екінші ұлым Айдар екеуміз бір аптаға қыдырып қайтамыз. Барлықтарыңызға көптен көп рахмет!», — деп ағынан жарылды он баланың анасы.

Мұнан соң Түркістан басшысы өз сөзінде елбасымыз еңбек адамына қолдау көрсетіп, халықты еңбекке тартуды үнемі бастама етіп келетінін атап өтті.

«Жастайынан бейнет көрген апа, ағаларымызға елге үлгі болу үшін неге қолдау көрсетпеске. Олар өздерінің маңдай тер еңбектерімен еліміздің осындай дәрежеге жетуіне мол үлес қосты. Сондықтан еңбек озаттарына қандай құрмет көрсетсек те жарасады деп есептеймін», — деп ақ жарма ойын жеткізген Өсербаев сапарға шыққан жолаушыларға ақ жол тіледі.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »