Новости на Newstaraz.

Түймебаевтан сөз естіген шымкенттіктер қақаған аязда жаппай ағаш отырғызуда

newstaraz.kz

Ағаш отырғызу. Көрнекі фото: korrespondent.kz

Биыл Оңтүстікке қыс ерте түсті. Қазан айының ішінде-ақ екі мәрте қар жауып үлгерді. Ал қазір төңіректің бәрі – ақ қар, көк мұз. Алайда Шымкент қаласын көгалдандыруға аяз түк те кедергі келтірмейтін сияқты. Жаппай ағаш отырғызу науқаны басталып кетті деп жазады korrespondent.kz.

«Белсенділердің» бұлай ширақ қимылдауының мәнісі, сірә, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатқыл-қатқыл сынында жатқан болуы керек. Еске салсақ, қарашаның басында облыс орталығының дамуы бойынша алқалы мәжіліс өткізген әкім, қала аумағын жасыл желекке айналдыру жайын сөз еткен болатын.

Похожие статьи

«Шымкент «жасыл қала» деген мағына береді. Бірақ оған сай емес. Сіздер орталықта отыратын болған соң, байқамайтын шығарсыздар. Әкімшілік-іскерлік орталығында отырған маған қала жасыл емес, сұп-сұр болып көрінеді… Топырақты қалада тұратын сияқтымыз. Шынымды айтсам, Шымкент қаласында жұмыс істеп отырғанымды сезінбеймін», – деген өңір басшысы шенеуніктердің біраз шаңын қаққан.

Және көгалдандыру мен көріктендіру мәселесінде жергілікті атқамінерлердің көрші Тараз, Ташкент қалаларынан үлгі алулары керектігін де ескерткен. Сол сол-ақ екен, тал-дарақ егу басталды да кетті.

«Пәленшенің ұйытқы болуымен түген түп көшет отырғызылды…» деген ақпараттар желдей есіп тұр. Далада қар борап тұр, жұрттың бәрі тал егіп әлек. Енді қыстың қақаған аязында тамыры үсіп кетпесе жарады. Жер-ананың бусанып, топырақтың жылынғанын күтіп, наурыздан бастап ексе де, үлгермей ме?! Елге күлкі болдық қой. Иван Мичурин тіріліп келсе, ұрыспай ма «Айналайын-ау, қыстың көзі қырауда дені сау адам тал еге ме?» деп. Мичуриннен ұят қой», — дейді редакцияға қоңырау шалған табиғат жанашыры ызаға булығып.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »