Новости на Newstaraz.

Тоқтар Әубәкіров: Ешқашан ешкімнің алдында басымды иген емеспін

newstaraz.kz

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров биыл 70-ке толады. Осы орайда Тоқтар Әубәкіровтің әр жылдары баспасөз бетінде айтқан өткір-өзекті ой-пікірлерін dalanews.kz сайты тізбектеді.

«Өз басым кездесе қалғанда, амандасу тұрмақ, тіпті үстел басына бірге отырғым келмейтін ықпалдыларды, миллионерлерді білемін. Бұдан шығатын қорытынды: адамды ақшасына немесе тамыр-танысына қарап тұлғаның қатарына қосуға болмайды».

«Жастарға ылғи да айтып жүремін. Өмірде мақсатың болуы керек. Алдыңа мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің. Бала кезден-ақ кім болатыныңды анықта. Өз басым, мүлде басқа мамандықты бітіріп, кейін министр болғанда өзі мүлде білмейтін саланы басқарып отыратын министрлерді түсінбеймін. Ұсынды екен, келісе салады. Олар ол жерде отырмауы керек.

Одан бұрын сен бұл жерге қалай келдің, қалай жеттің, осы маңызды. Мақсатыңа біреудің жолын кесіп, біреуге арамдық жасап жетсең, ендеше арманыңның қалай орындалғанын артыңдағы ұрпағына айтпай-ақ қоюыңа болады. Ұят».

«Ешкім ұры-қары, қылмыскер немесе алаяқ болып тумайды. Есейе келе таңдау жасайды. Бәрі осыған байланысты. Бір жолы ел танитын аса ықпалды азаматпен сөзге келіп қалдық.

Ол: «Сіз батырсыз. Халық сізді жақсы көреді. Қолыңызда қаншама мүмкіндік бола тұра, соны қолдана білмейсіз. Демек, ақымақсыз. Себебі, бас игіңіз келмейді. Ал мен иіле білемін, осы себепті қазір миллионер атанып отырмын», – деді.

Қазір ол шіріген бай. Өте ықпалды. «Мен баймын, демек басқалары менің алдымда құрдай жорғалауы керек, бас июі тиіс» деп санайды. Неге, білесіз бе? Өйткені бір кездері өзі де сөйткен. Табан жалаған… Өзгелерді кемсіте отыра бір кездегі масқарасының орнын толтырғысы келеді. Ал мен ешқашан ешкімнің алдында бас иген емеспін».

Похожие статьи

«Адамның табиғаты – әрдайым жылы орын іздейді. Мысалы, елдің бәрі неге заңгер болуға құмар? Өйткені осы арқылы Қаржы полициясына, прокуратураға одан қалды басқа да күштік құрылымдарға орналасуды армандайды. Себебі, қазіргі күні күштік құрылымдар адамдардың өміріне тұмсық тығуда, әсер етуде. Тіпті, біздің жеке өміріміздің өзін бақылауға алған. Әлгіндей адамдардың арманы да белгілі, олар басқалардың үстінен қарағысы, әмірін жүргізгісі келеді».

«Ғарышқа бірден ұшқам жоқ. Алғашқы екі ретінде бас тарттым. 90-шы жылдары Кеңес үкіметі құлағасын «қазақтардың арасынан ғарышқа кім бірінші болып ұшады?» деген мәселе өткір тұрған. Сол кездері менің кандидатурамды Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Разымын.

Мені ғарышқа ұшыруға Дінмұхаммед Қонаевтың өзі мүдделі болатын. Ол тұстары бізде кадр тапшы еді. Штаттағы бірнеше тәжірибелі ұшқыш қайтыс болған. Осы себепті бірден келіскем жоқ. Алдымен жас ұшқыштардың арасынан таңдау жасадық. Бірақ, көпшілігі дайын болмай шықты.

Тек Талғат Мұсабаевтан ғана жылт еткен от көрдік. Оны ғарышқа ұшыруға дайындай бастадық, алайда кәсіби білігі аз болғандықтан бұл мақсатымыз орындалмады. Бұдан кейін тағы да менің кандидатурамды ұсынды. Екінші ретінде тағы бас тарттым. Себебі, өзім жұмыс істейтін А. Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюроны тастап кеткім келмеді.

Үшінші ретінде президент Назарбаев мені жеке қабылдауына шақырды. «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!» деді. Келістім».

«Үш рет депутат болдым. Үш ретте де жолым болған жоқ. Таратып жіберді. Құдай біледі, тағы бір рет талпынып көрсем, тағы таратып жіберуі мүмкін. Ендеше ешкімге кедергі келтірмей-ақ қояйын. Менсіз-ақ жұмыс істесін, отырсын. Бұл жерге жылы орынды аңсайтындар келеді. Себебі, мұнда ешкім ешкімнің жағасынан алмайды, ешкім сені сөйлеуге мәжбүрлемейді, тек «иә» деген түймені бассаң жетіп жатыр. Егер тапсырма жоғарыдан келсе барлығы бір ауыздан: «болды, түсіндік, келісеміз» дейді. Ешқандай түзету енгізбейді. Шынымды айтсам, сөзінің салмағы, өзіндік пікірі жоқтардың арасында жүргім келмейді».

«Біз біртіндеп құлдырап барамыз. Анығында, бұл құлдыраудың басы ғана. Әзіргі құлдырауымыз баяу басталып жатыр. Әлемдік дағдарыс дендей түскенде не болады? Айтудың өзі қорқынышты.

Біз түк өндірмейтін елміз. Шикізатқа тәуелді елдің тағдыры белгісіз, болашағы бұлыңғыр. Әлем біздің шикізаттан бас тартқан күні нағыз құлдырау басталады. Анығында, біз құзға құлаймыз. Міне, сол кезде ғана халық биліктің осы уақытқа дейін түк бітірмегенін анық ұғынады».

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »