Новости на Newstaraz.

Қытайдан келген қазақ жастары атажұртында кездескен қиындықтар туралы айтты

newstaraz.kz

Былтыр тамыз айының аяғында Атырау мұнай және газ институтына Қытайдан келген қазақ жастары оқуға қабылданған болатын.

Қандастарымыздың студенттік өмірі мен жағдайын білу үшін Ақ жайық тілшісі аталмыш оқу орнының жатақханасына барып, жастармен сұхбат құрып қайтты.

Қытайдан келген студент жастар өздері туралы айтып, алғашқы кезде бетпе-бет келген қиындықтарын жасырмады.

Қытайдан келген қазақ жастары атажұртында кездескен қиындықтар туралы айтты

Салауат Рахмет, Тарбағатай аймағынан келген студент:

— Біз Атырауға келіп алып Қазақстанды жамандап отырғанымыз жоқ. Шындықты айту керек қой, шыншыл болу керек. Қазақстан біз үшін туған еліміз, өзіміздің жеріміз. Осында келгенде де жергілікті жастар «сендер оралмансыңдар, қытайсыңдар, сендер, шаян жейсіңдер ме?» деп бетімізге басады. Бірақ, біздің жүрегіміз қазақ деп соғады, тұла бойымызда ағып жатқан қазақтың қаны. «Қазағым, менің елім, жерім» деп келіп отырмыз. Өзіміздің елімізде, жерімізде оқып жүргенімізге қуанамыз. Өзара берекеліміз, арада қиыншылақтар болса да бірлікте жүрміз, мәселемізді бірге шешіп келеміз. Әзір бәрі ойдағыдай. Ректорымыз да бізге көп жақсылықтар істеп, спорт залдарын, монша салып, бар жағдай жасап, қатысыңдар, көріңдер деп мүмкіндік беріп, өнерлерің болса шығарыңдар деп жатыр. Қолдап тұр, өте қуаныштамыз.

Әйтпесе, осында отырған балалардың бәрі де Қытай университеттеріне өту баллын жинап, оқуға өтіп тұрғандар. Біз сонда қалып оқитын едік, жағдай жақсы ол жақта, бәріміз өтіп тұрмыз, шарт жағдайы бәрі бар, не сұрасаң соған қатыса аласың. Бірақ, өз атамекеніңде болғаныңа не жетсін.

Еламан Әшімұлы, экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенті:

Қытайдан келген қазақ жастары атажұртында кездескен қиындықтар туралы айтты

— Мен Қазақстандағы ракета ұшырылатын Байқоңыр қаласы секілді Қытайдың Ганьсу провинциясынан келдім. Біздің ауылда бес мыңға жуық қазақ тұрады, сол ауылдан келген қазақтың ішінде бір өзім. Кезінде Түркия жаққа шыққан қазақтың бір бөлігі сол жерде қалып қойған. 90-жылдары аталарымыз, әжелеріміз бастап Қазақстанға екінші көш кезінде көшіп келгенде Алматыдағы Есік деген қалада тұрды. 2011 жылы өзім Қазақстанға тұңғыш рет келдім. Басында бір ай тұрып кері қайтамын деп ойладым, себебі мұнда бұрын тұрған жеріме қарағанда бәрі өзгеше еді. Бірақ, кейін үйреніп кеттім, көп ауылдарды араладым, Астанада болдық. Үш айдан кейін Қытайға қайтамын деген ойым өзгеріп кетті.

Визаның уақыты өтіп, Қытайға қайтатын болып, шекарадан өткен кезде Қазақстанға бауыр басып қалғанымды түсіндім. Сол кезден бастап бабаларымның отанына келіп оқимын деген ой түйдім. 2015 жылы 11-сыныпты бітірген кезде «вичат» (уотсаптың қытайлық нұсқасы) қосымшадан Атырау мұнай және газ институтына оқушылар қабылдаймыз деген хабарландыруды көріп, үйдегі үлкен кісілермен ақылдасып, олардан рұқсат алып, виза ашқызып, осы жаққа жол бастап келдім. Аллаға шүкір бәрі жақсы, үйреніп келе жатырмыз. Сосын өзім тұрған жерде қазақ тілі сабағы бізде аз болған. Аптасына екі пар ғана. Онда бірдеңе түсініп қалсаң жақсы. Көбі ол жақта қазақ тілін отбасында үйренеді. Бір сыныпта 50 оқушы болса, ішінде бір-екі қазақ болады (Ганьсуда үш аймақ құрылған Шыңжаңға қарағанда халық арасындағы қазақтардың үлесі өте аз – «АЖ»)

Айдынгүл Өмірбекқызы, АМжГИ-дың экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультетінің «ақпараттандыру және басқару» мамандығы бойынша 1-курс студенті:

Похожие статьи
Қытайдан келген қазақ жастары атажұртында кездескен қиындықтар туралы айтты

— Қытайда тұратын 56 ұлт ынтымақты, берекелі, бірлікте болады. «Сен қытайсың», «сен қазақсың» деп бөлмейді, барлығының терезесі тең болады. Заңдары да кемелденген. Біз Қытайдан жамандық көріп, Қазақстанға келдік демейміз. Өйткені, бұл ата-бабаларымыздың жері, атамекеніміз болған соң осында келдік. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз жеріңде ұлтан бол» дейді. Біздің қазақ жері, қазақ елі осылай дамып жатқанда, біз де оның дамуына бір үлесімізді қоссақ деген тілекпен келдік.

Біріншіден, Қытайдағы қазақ жастарын оқуға қабылдағанына рахмет айтамыз. Қаншама студент-жастарды барып әкелген Әлия Мұстафақызы мен Нұрбақыт мұғалімге рахмет айтамыз. Біз автобуспен үш күн жүріп келдік. Күні-түні отырып келдік қой, жолда қиындық көп болды. Әлия апа мен Нұрбақыт мұғалімге орындық жетіспеді. Біз үшін ол кісілер қиындықтарға шыдады. Ректор мен мұғалімдер алдымыздан шашу шашып күтіп алды. Сосын желбіретіп көк туды алып шыққанда жүрегіміз елжіреп, сондай қуанышта болдық. Біз ол кісілерге рахмет айтамыз, үйден алыстап шықсақ та, өз үйімізге келгендей болдық.

Ержан Толқынбек, Іле облысынан келген студент:

— Біз бұл жерге сыймай қалғандықтан, оқи алмай қалғандықтан келіп жатқанымыз жоқ. Керісінше небір оқулардың, небір білімдердің шыңы Қытайда болады. Біздің негізінен осы жаққа келудегі бірден-бір мақсатымыз не еді? Қазір ҚХР-да осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ мектептері өте көп болған, ешқандай қысым болмаған, өз мұсылмандық дінімізге бара бергенбіз, мешітке баруға болатын болды. Осы соңғы бес жылдан бері қарай студенттердің мешітке баруына болмайды, сосын қазақ мектептерін қос тілді қыламыз деп, қазақ мектептерінің бәрін жойып жатыр.

Сол себептен біздің ата-анамыз «біз ғой енді осы жақта туып-өстік, осы жақта жүрдік, біз Қазақстанды көре алмасақ та, біз ол жаққа бара алмасақ та, сендер өз отандарыңа барыңдар, кейінгі ұрпақтарыңды қазақы тәрбие беріп ержеткізіңдер» деп бізді осы жаққа жіберіп отыр. Әрине, бізге бірдеңе бермеді деп айта алмаймыз, өйткені Қазақстанның өз қиыншылықтары барын түсінеміз. Біз Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бірақ, бейімделуде қиындық көріп отырмыз. Студенттердің бәрі бірдей сабақтарға ілесе алмай отыр, кейбір мәселелерді түсінбейміз. Бізге кішкене жеңілдік жасаса, түсіністікпен қараса деп сұраймыз. Біз шағынып отырғанымыз жоқ.

Ақжол Сұлтанғазы, студент:

Қытайдан келген қазақ жастары атажұртында кездескен қиындықтар туралы айтты

— Бұл жерде басты мәселе жазуда да, тілде де емес. Ең басты мәселе – әлеуметтік бейімдеуде. Біз Қытайда туып-өстік, сонда мектепте 11 жыл оқыдық, онда біз көргеніміз мүлде басқаша тұрмыс. Осыны ескере отырып, біздерді Қазақстанға бірден келген кезде бейімдеу керек еді, сіздер мен біздердің арасында, яғни институт пен шеттен келген студенттердің арасында дәнекер болатын адамдар керек, жақындастыратын адам керек, — дейді Ақжол.

— Мен Атырау мұнай және газ институтына түспей тұрып, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-да дайындық курсында оқыдым. Бір жыл осы жерге, адамдарына үйренуге тура келді. Ал, бірден оқуға түскен студенттер жаңа ортаға тез үйренісіп кете алмай жүр. Менталитеттің сәйкеспеуінен болған нәрсе қазір мәселе болып шығып жатыр. Себебі, қытайша оқыған көбі, қазақ балаларын қазақилыққа бейімдеу керек. Ал, қазір студенттер мынадай суық қарым-қатынастардан үркіп қалған соң, өздерін бұл жерде бөтен сезініп қалды. Оның үстіне қанша қазақша сөйлейміз дегеннің өзінде сіздер арасында орысша қосып сөйлейсіңдер, ал біз орысша түк түсінбейміз.

Баратжан Тасқын, Іле аймағының әкімшілік орталығы Құлжа қаласынан келген:

— Мен бала кезімнен қытайша, Қытай тарихын оқып өстім. Қытай тарихын 100 пайыз білем десем де болатын шығар. Бірақ, өз ұлтыңның тарихын білу маңызды. 7-сыныпта Жәнібек батыр туралы дастан қолыма тиді. Маған оның батырлығы қатты әсер етті. Анам қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі еді, сол кісіге барып, «шеше, біздің қазақтарда да батыр бар екен ғой» деп едім, шешем әсерленіп кетіп, мені қазақ сыныбына берді. Мектеп бітірген соң Қазақстанға жіберді. Осында келгенде қандай қорлық болса да, қандай сөз естісек те, осы жерде қайыршы болып жүрем бе, көше сыпырып жүрем бе, осында қаламын. Айтпақшы, бір байқағаным, Қытайда жастар өз алдына бөлек шағын кәсіп ашу туралы ойласа, мұнда бірден жалдамалы жұмысқа тұруды ойлайды екен…

Айта кету керек, Қытайдан келген студенттердің бәрі Қазақстан тарихын жақсы біледі және елімізде болып жатқан жағдайлардың бәрінен хабардар. Олар үшін басты проблема жаңа ортаға бейімделу болып қалып отыр.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »