Новости на Newstaraz.

Өзбекстандағы қазақ балуаны: Қазақстанда мені қысып тастады (фото)

newstaraz.kz
Фото: Azattyq.org

Рио олимпиадасында грек-рим күресінен Өзбекстанға қола әперген 24 жастағы этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов «бірнеше жыл бұрын Қазақстан құрамасына ене алмағанын» айтады.

Бұл туралы Азаттық жазады.

Грек-рим күресінен 59 келі салмақ дәрежесі бойынша күрескен 25 жастағы Елмұрат Тасмұратов алғашқы екі қарсыласын оңай жеңді.

Әуелі 2007 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері сербиялық Кристиан Фристі 7:2, 2013 жылғы әлем чемпионы солтүстіккореялық балуан Юнь Вон Чхольды 7:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда 2015 жылғы әлем чемпионы кубалық Исмаэль Борреродан жеңіліп қалды. Борреро Риода алтын алды. Тасмұратов қолаға таласта қырғызстандық Арсен Ералиевтен басым түсті.

«Қола алғаныма өте қуаныштымын. Жоспар бойынша бірінші орын алуым керек еді. Олимпиада — өте қиын жарыс. Олимпиада алдында таныстарың “ жеңу керексің” деп кетеді. енді біреулер “сен мықтысың” деп кетеді. Жанкүйер алтын күтіп отырады. Өзіме тым сеніп қалдым-ау», — деп бастады әңгімесін балуан.

Фото: Azattyq.org

Грек-рим күресінен бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Рио олимпиадасына 29 жастағы Алмат Кебіспаев қатысты. Ол алғашқы қарсыласы ресейлік Ибрагим Лабазановты жеңгенімен, екінші кездесуде жапониялық Шиноби Отадан жеңіліп қалды.

Кебіспаевты жеңген Ота финалға шығып, ереже бойынша Қазақстан балуаны қолаға таласуға мүмкіндік алды. Ол алғашқы кездесуде Лондон олимпидасының чемпионы ирандық Хамид Соурианнан 0:7 есебімен жеңіліп жатып, соңғы минутта таза жеңіске жетті. Бірақ келесі кездесуде даниялық Стиг Андре Вергеден жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Похожие статьи

«Алматпен алғашқы кезеңдерде кездескім келмеді. Жеребе тартылып, екеуміз екі жаққа түскенде іштей қуандым. Ол қола алып екеуміз тұғырда қатар тұрғанда керемет болар еді. Риоға келерде түс көрдім. Түсімде ту көтеріп, кілемді айнала жүгіріп жүр екенмін. Алтын медаль болар деп жорып едім, сәл жетпей қалды. Бірақ түсім шын боп шықты. Егер олимпиадада қолаға таласта жеңіліп қалсам өзімді кешірмес едім», — дейді балуан.

«ҚАЗАҚСТАНДА МҮМКІНДІК БЕРМЕДІ»

Елмұрат Тасмұратов Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданында туған. Жастайынан күрес секциясына қатысқан. 8-cынып бітірген соң (2000-жылдардың ортасы) ата-анасы оны тарихи отаны — Қазақстанға жібереді. Ол Түркістандағы спорт мектеп-интернатында оқиды. Түркістан қаласы атынан Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы жарыстарға қатысқан.

Фото: Azattyq.org

«Қазақстанда жүргенде біраз жарыстарда жеңдім. Бірақ мені қысып тастады. Жаттығу жиындарына шақырмады. Еш мүмкіндік болмады. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңіліп қалдым. Сол жеңілістен кейін жаттығу жиындарына шақырмайтынын түсіндім де Өзбекстанға оралдым», — дейді ол.

Өзбекстан үкіметі Елмұратқа олимпиадада қола жүлде алғаны үшін 75 мың доллар береді. Спортшы келешекте 66 келі салмақ дәрежесіне ауысып, Токио олимпиадасына қатысуды жоспарлайды.

«Өзбекстанда маған барлық жағдай жасалған. Ата-анам да сонда. Жаттығуымды уақтылы жасап тұрамын. Құрамамен бірге оқу-жаттығуларға шығамын. Бастысы, жанкүйерлерімнің сенімін ақтадым», — деді жүлдегер.

Тасмұратов олимпиадаға дейін Өзбекстан құрамасы сапында Азия чемпионатында — үш алтын, әлем чемпионатында екі рет қола медаль алған. Өзбекстан құрамасы Рио олимпиадасы қорытындысы бойынша, төрт алтын, екі күміс, жеті қола жүлдемен Қазақстаннан бір саты жоғары — 21-орын алды.

Ал Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Рио Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »