Новости на Newstaraz.

Жолдасбеков: Телеарналар жыларман, қайғылы түрік фильмдерімен жалықтырды

newstaraz.kz

Мырзатай Жолдасбеков. Фото: YouTube

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков телеарналар жыларман, қайғылы түрік фильмдерімен көрермендерді жалықтырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде Қазақстанның телеарналарында ылғи бір баянсыз махаббат, тұрлаусыз өмір кешкен, жыларман, қайғылы түріктің фильмдерін көрсетумен жалықтырды. Бітпейтін бір сондай фильмдерге тап болдық. Халқымыз, әсіресе, ауылдағы халық сусап отыр. Қалада әйтеуір кинотеатрлар бар, ал ауылда олар жоқ», — дейді Жолдасбеков.

Мырзатай Жолдасбеков қазақты қазақтан басқа ешкім жарылқамайтынын алға тартты.

Похожие статьи

«Несін жасырамыз, қазаққа қызмет ететін уақыт болды ғой. Өзгенің маңдайынан сипап, өзгені жетектеп, өзін жарқылқамай қалған халықпыз. Қазақты қазақтан басқа ешкім жарылқамайды. Сондықтан қазақтың маңдайынан сипап, арқасынан қағатын уақыт келді», — деді қоғам қайраткері.

Мырзатай Жолдасбеков тұтас фильмге арқау болатын қазақта біртуар тұлғалар көп екенін атап өтті.

«Біздің тарихымызда небір тұлғалар бар. Даналарымыз туралы фильмдер түсірілсе деймін. Күлтегін батыр, бер жағында Бұқар жырау, кешегі халықты отырғызып, тұрғызған үш би туралы түсіруге болады… Мұқағали туралы да фильм түсірілсе жақсы болады», — деді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »