Новости на Newstaraz.

Зиялы қауым өкілдері жердің шетелдіктерге жалға берілуін қолдады

newstaraz.kz
Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел. Фото: nurotan.kz

Еліміздің бірқатар зиялы қауым өкілі ауылшаруашылық жерлеріне инвестиция тарту үшін жер шетелдіктерге жалға берілу керек деп есептейді. Бұл туралы кеше Алматыда «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел басында айтылды делінген партияның ресми сайтында.

Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері жерлердің кімге және қалай жалға берілетінін тыңдап болған соң биліктің бұл бастамасына еш қарсылықтары жоқ екенін, тіпті, қолдайтындарын айтты. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов та бар.

«Президент осы мәселенің түйінін тарқатты. Мемлекет басшысы үшін де, барлық қазақстандықтар үшін де жер ұғымы қасиетті мәнге ие. Біздің кең-байтақ жеріміздің ешбір бөлігін ешуақытта шетелдіктер иеленбейді. Дегенмен, жер еліміздің экономикасына пайда әкелуі тиіс. Шетелдік инвестицияларды тартып, ауыл шаруашылық жерлерді өңдеудің заманауи технологияларынан неге бас тартуымыз керек? Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Сол себепті мен шетелдік инвесторлардың жерді жалға алуын қолдаймын. Ашуға бой алдырмауымыз қажет», — деді Жұрынов сөз барысында.

«Біз өзіміздің ауыл шаруашылық жерлерімізді инвестиция тарту құралы ретінде қарастыруымыз қажет. Оның көмегімен біз аграрлық секторды дамытып, астық өнімділігін арттырып, мал басын көбейту, шикізат өңдеу көлемін арттырып, жаңа кәсіпорындар салып, экспортқа шығару, он мыңдаған жұмыс орындарын құруға және де осылайша аулымыздың жағдайын жақсартуға мүмкіндік аламыз. Жерімізге деген шынайы жанашырлық деп осыны айт. Өз басым Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мәселеріне қатысты осындай заманауи көзқарас ұстанатынына қуаныштымын», — деп атап өтті «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов.

Похожие статьи

Ал, өзге де зиялылар елбасы бастамасын қолдайтынын, сондай-ақ, жер реформасына қатысты комиссияның уақыты құрылғанын айтты.

«Мемлекет башысы өте дұрыс шешім қабылдады. Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына қоғамның барлық салаларының, Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері кірген. Әрбір азамат осы өзекті мәселе бойынша өз пікірін ашық білдіре алады», — дейді қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Бибігүл Төлегенова да дәл осындай пікірде.

Айта кетейік, Жер реформасын талқылауға Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясының жүзге жуық өкілі қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның Ұлттық ғылыми академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов, Қазақстан жазушылар одағының жетекшісі Нұрлан Оразалин, Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, танымал ғалым-академиктер Төрегелді Шарманов, Еділ Ерғожин, Аманжол Қошанов, Нағима Айтқожина мен Әлия Бейсенова, белгілі жазушылар Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев пен Валерий Михайлов және де шығармашылық одақтардың жетекшілері мен алматылық ЖОО ректорлары бар.

Дереккөз: Nur.kz



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »