Новости на Newstaraz.

Қайрат Боранбаевқа қатысы бар деген екі компания Алматы меншігіне қайтарылады

newstaraz.kz

25 сәуірде Алматы әкімдігі «Алматы спецтехпаркинг сервис» және Alan Parking компанияларының иелелерінен «демонополизация және келтірген шығынды қайтару мақсатында» кәсіпорындардың 30 және 100 пайыз үлесін қаланың меншігіне қайтару жөнінде ұсыныс алғанын мәлімдеді.

Бұл компаниялар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болып келетін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Боранбаев биыл наурыз айында «ірі көлемде мемлекет ақшасын жымқырды» деген күдікпен ұсталған.

«Алматы спецтехпаркинг сервис» біріңғай оператор ретінде Алматының Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарына қызмет көрсетеді. Ал Alan Parking компаниясы болса Алатау, Бостандық және Жетісу аудандарындағы автотұрақ алаңдарына қызмет көрсететін жалғыз оператор.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 25 сәуірден бастап аталған қызмет түрлерінен келген қаражаттың бәрі тікелей қала бюджетіне түседі.

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі 2016 жылы енгізілген. Ресми мәлімет бойынша, «Алматы спецтехпаркинг сервис» және Alan Parking компанияларының жылдық айналымы 1,4 млрд теңге (3,1 миллион доллар).

AlanParking компаниясының бас директоры Мұрат Боранбаев. Ол Қайрат Боранбаевтың бауыры болуы мүмкін. Қайрат Боранбаевтың компаниясы AlanParking-ті аукцион арқылы мемлекеттің 30 пайыз үлесін бес миллион теңгеге сатып алған.

14 сәуірде Алматы соты аталған компаниялардың жетекшісі Мұхтар Базарбаевты қамауға алған. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »