Новости на Newstaraz.

ҚАР ҚАЛЫҢ ЖАУҒАН ЕЛОРДА СУ АСТЫНДА ҚАЛУЫ МҮМКІН

Елорда су астында қалады. Егер коммуналдық қызметтер дер кезінде қала ішінен қарды шығармаса. Еліміздің бас құтқарушысы Алтай Көлгінов басқаратын әкімдікке осындай ескертпе жасады. Маман басқа өңірлерде де су басу қаупі барын жасырмайды. Нақты бұл қай аймақтар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Елордалықтар қардың осындай үйілуіне қаламызда көптеп шағым білдіріп жүр. Ақ ұлпаның осындай қордалануына тек қана балалар қуанышты сияқты. Мына жерде арнайы сырғанақ алаңын да жасап алған. Бірақ, ересектер алда күн жылынғанда, көктемде осы қардың үлкен қауіп әкелетінін біледі. Мұны еліміздің құзырлы органдары да растап отыр».

Қауіпті растаған еліміздің бас құтқарушысы — Юрий Ильин. Оның айтуынша, осындай тау-тау қарды сыртқа шығармасақ, Елорда су астында қалады.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мен қаланы қардан аршу жұмысына баға бере алмаймын. Бұл әкімдіктің жұмысы. Бірінші кезекте әкім өз қоластындағы қызметкерлеріне баға беруі тиіс. Уақыт көрсетер бәрін. Әкімдіктің бағдарламалары бар, олар қаржыландырылады. Мен қазіргі кезде Нұр-Сұлтаннан тиісті деңгейде қар шығарылмай жатқанын айтып отырмын».

Әкімдік күніне 30 мың текше метр қарды полигондарға тасып жатырмыз деп ақталуда. Шенеуніктер олары төгуге арналған арнайы алаңның толып қалғанын да мәлімдеген еді. Бұған жылдағы нормадан көп түскен қар себеп-мыс. Қаланы аралай жүріп, әлі де тазартылуы керек жерлер көп екенін байқауға болады.

«Ал, мына Жұмабаев бітетін тұста қар адам белімен, яғни мына бағдаршам тетігімен бірдей түскен. Алдағы күндері күн райы өзгеретін болса, температура көтереліетін болса, дәл осы тұс Венецияға айналатынын айтпасақ та анық».

«Воскресенье. 9-ое февраля. Міне, міне. Плывем. Вот так мы едем по улице Пушкина. В городе Нур-Султан».

Елорда жұрты су астында қалмас үшін үш қар ерітетін техника да сатып алынған. Дегенмен, үш арнайы құрылғы 4 ауданы бар қалаға аздық етеді екен.

МЕДЕУ РАЖАНОВ, «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Техникамыз бір сағаттын ішінде 300-400 текше метр қарды ерітуге қауқарлы. Қардың тығыздығына да көп нәрсе байланысты. Егер қар қатты, таста болса, көп уақыт кетеді. Ал, егер керісінше болса, тез еріте алады».

Юрий Ильин Нұр-Сұлтаннан басқа қар Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында көп түскенін айтты. Демек, су басу қаупі бар. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарын да көктемгі жаңбыр кезінде мамандар бақыламақ. Жалпы соңғы үш жылда су тасқынына қарсы іс-шараларға 70 миллиард теңге бөлінген.

Первый канал Евразия

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »