Новости на Newstaraz.

Қырғыз-тәжік шекарасында шенеунік көлігіне тас атты

newstaraz.kz

Қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан президентінің Баткен облысындағы шекараға жақын ауылдарды қалпына келтіру жөніндегі арнайы өкілі Мамыржан Рахимов мінген көлікке тас атқан. Тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы Баткен облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, оқиға 29 шілдеде Баткен ауданындағы Таш-Тумшук ауылында болған. Президенттің арнайы өкілі және жергілікті бірнеше шенеунік Ак-Сай ауылынан шығып, Таш-Тумшук ауылына келе жатқан.

Баткен облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, шенеуніктер онда өртенген үйлерді аралап жүрген. Сол кезде осы маңға Тәжікстанның Ходжа-Аъло ауылының 15-20 тұрғыны келген. Дау шығып, Тәжікстан азаматы тас лақтыра бастаған. Соның салдарынан Ак-Сай ауылдық округы басшысының орынбасарына тиесілі көліктің әйнегі сынған.

«Осы оқиғадан соң екі елдің құқық қорғау органдарының өкілдері кездесті. Тәжікстандағы Исфара аудандық милициясының басшысы тас лақтырған азаматқа заң бойынша жаза қолдануға уәде берді», — деп хабарлады облыстық әкімдік.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы жанжал болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Баткен облысында 140 үй өртенді немесе бұзылды, шамамен 58 мың адам басқа жерге көшірілді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »