Новости на Newstaraz.

Қырғызстан Құмтөрде алтын өндіруді арттырады

newstaraz.kz

Қырғызстан Құмтөрде алтын өндіруді арттырады

2022 жылы Құмтөр кенінен 17,5 тонна алтын өндіру жоспарланып отыр. Жылдан жылға кенді игеру ұлғайа береді.

Осылай деп «Ұлы көшпенділер мұрасы» ұлттық холдингтің жетекшісі Қырғызстанның мемлекеттік «Ала-Тоо 24» каналына берген сұқбатында айтты.

«Біз 60-65 тонна алтын өндіре аламыз. Егер 2024 жылы жерасты алтынын қазуға көшсек, бұл 3-4 тоннадан артық бермейді. Жиынтығында қалдыққоймадан және жерастын қазудан жылына 24-25 тонна өндіреміз», — деді Бөлтірік.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Жыл сайын 15-17 тонна алтын өндіріледі. Осыған дейін бұл кенді канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы игеріп келген. Бірақ былтыр мамыр айында қырғыз үкіметі өз бақылауына алды.

Канадалық компания мен Қығызстан үкіметі соттасып, жақында бітімге келді. Қырғызстан тарабы экологиялық салық салмады деп шетел инвесторын айыптап, ірі сомада айыппұл салған.

Нәтижесінде канадалық компания Қырғызстанға 2021 жылдың үш тоқсаны үшін 11 млн доллар төлейтін болды және бір реттік 50 млн доллар көлемінде ақша төлейді. Оның 53 млн доллары Қырғызстанның бақылауына өтеді. Бұл қаржы Лондондағы есеп-шотта сақталады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »