Новости на Newstaraz.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау жөніндегі құжатты бекітті

newstaraz.kz

Қырғызстан мен Өзбекстанның үкімет делегациялары қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөнінде келіссөз жүргізді. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, самарқанд қаласында демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның алғашқы жиналысы болды. Онда шекараның жекелеген учаскелеріндегі бірлескен дала зерттеулерінің нәтижесі талқыланды.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, кездесу қорытындысында тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі нормативті-құқықтық және техникалық құжатты бекітті.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 1314 шақырымға созылып жатыр. 2022 жылғы қарашада Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жылға созылған шекара дауы біткенін жариялады. Тараптар шекараның даулы 312 шақырымы бойынша ортақ келісімге келген.

Қос республиканың парламенттері келісімді мақұлдаған, одан соң екі елдің президенттері Қырғызстан мен Өзбекстан арасында мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға, Кемпірабад (Әндіжан) су қоймасының су ресурсын бірлесіп басқару жөніндегі келісімге қол қойды. 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Бішкекке келді. Сол кезде екі елдің башылары ратификация құжаттарын алмастырды.

Дегенмен келісімнің Кемпірабад су қоймасының табанындағы жерлерді Өзбекстанға беріп, оның орнына басқа жер учаскелерін алу жөніндегі ережесі Қырғызстан қоғамының бір бөлігінде наразылық тудырды. Сол кезде елде Кемпірабад ісі деген атпен белгілі болған қылмыстық іс қозғалып, соның аясында 30-ға жуық саясаткер мен белсенді ұсталды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »