Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда қар барысын атқандарды іздестіріп жатыр (видео)

newstaraz.kz

Қырғызстан тұрғындары бірнеше аптадан бері Талас облысында қар барысының тағдырына алаңдап отыр. Оны белгісіз біреулеп атып кеткен.

Барыс оңалып келеді, бірақ ол енді жабайы табиғатқа ешқашан қайтып орала алмайды.

«Көптеген адам хабарласып жатыр. Біреулер ет ұсынса, тағы біреулер ақшамен көмектескісі келеді», – деді «Бугу-Эне» қоғамдық қорының жетекшісі Салтанат Сейітова.

Жаралы қар барысын Талас облысының тұрғындары орманда ағашта тығылып отырғанын көрген. Олар аңның жаралы екенін байқап, барысты Бішкекке жеткізген.

Бірнеше ветеринар ота жасады. Олар барысты жақын жерден атқанын анықтады. Барыстың басына шамамен 70 бытыра оғы тиген, соның 18-і алынды. Аңның көзі жарақаттан көрмей қалды. Көру қабілеті қалпына келген күннің өзінде, оның бір көзі ғана көреді.

«Отадан соң ол оңала бастады. Тамақ ішеді, көп ұйықтайды. Әзірге қандай да бір болжам айтуға ерте», — дейді Сейітова.

Мамандар барыс екі жастан асқанын анықтады. Оны Жаабарыс деп атады.

Жаабарысты атқандарды іздестіріп жатыр. Қар барысын заңсыз аулау қылмысына қатысты іс қозғалды. Қар барысы Қырғызстаның Қызыл кітабында бар. Мамандардың айтуынша, әлемде шамамен 7 мың ғана қар барысы қалған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »