Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев ұсталды

newstaraz.kz

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұрынғы премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиевті ұстады. Бұл туралы құпия дереккөзге сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Абылгазиев 26 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақыртылып, ізінше қамауға алынған. Бұрынғы премьер-министр «заңсыз жолдармен байыды» деген күдікке ілініп отыр.

Кей мәлімет бойынша, Абылгазиев үстінен қозғалған қылмыстық іс Құмтөр кенішін игеру бойынша жасалған соңғы келісіммен байланысты болуы мүмкін.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Абылгазиевтің ұсталуына байланысты түсініктеме бермеді.

53 жастағы Мухаммедкалый Абылгазиев 2018-2020 жылдары үкіметті басқарған. Былтыр 15 маусымда — елде коронавирус індеті күшейіп тұрған тұста қызметінен кетті.

20 қазанда қаржы полициясы бұрынғы премьер-министрге елден кетуге тыйым салынғанын хабарлады. Бірақ нақты қай іске байланысты шектеу қойылғанын нақтыламады. Ертесінде тергеуге шақырылды.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »