Новости на Newstaraz.

Қырғызстанның көше тазалайтын «Тазалық» мекемесінде коррупциялық схема анықталған

newstaraz.kz

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкек қалалық әкімдігінің «Тазалық» муниципалдық кәсіпорнының жауапты қызметкері айлық ақыны есептеуде қызмет бабын пайдаланып, ақша шығару үшін схема құрғаны анықталғанын мәлімдеді.

Тергеу кезінде муниципалдық кәсіпорында мүлдем жұмыс істемеген және қызметінен кеткен адамдарға айлық төленіп тұрған схема анықталған.

Кәсіпорынның Ч.М атты қызметкері күдікті ретінде тергеу абақтысына қамалған. Арнайы қызмет күдіктінің осыған дейін мекемеде наразылық акциясын ұйымдастырғандардың бірі болғанын айтады.

11 тамызда «Тазалық» муниципалды кәсіпорнының бірқатар қызметкерлері Бірінші май ауданындағы қоқыстарды жеке компанияға беру шешіміне қарсы акцияға шыққан.

7 тамызда Бішкек әкімдігі Бірінші май ауданында жиналған қоқыстардың дұрыс тазаланбайтынына тұрғындар наразылық білдіргеннен кейін, бұл ауданды «Эко Проф» жеке компаниясы тазалап жатқанын хабарлаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »