Новости на Newstaraz.

ҚЫЗЫЛША ӨТКІЗГЕН ШАРУАЛАР АҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ОТЫР

newstaraz.kz

Жамбыл облысында 250-ден астам қожалық бас көтерді. Зауытқа 126 мың тонна қант қызылшасын өткізген шаруалар, жарты миллиард теңгеге жуық ақшаларын ала алмай жүр. Алдағы уақытта мәселе біржақты шешілмесе, зауытты қоршауға алатындарын жеткізді. Ай-күннің аманында адал еңбектерінің нәпақасына қол жеткізе алмай жүргендер неге ашулы? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Диқандардың ашуына тиген мына мәселе. Меркідегі қант зауытына тонналап тәтті түбір өткізген. Алайда күні бүгінге дейін бір тиын алмапты. Кәсіпкерлер талай мәрте өндіріс орны маңына жиналған. Бірақ, еш нәтиже болмай келеді. Наразы жұрт бүгін тағы бас қосып, айғаға басты. СОВЕТ ҚАЛМАНБЕТОВ, КӘСІПКЕР: ««Меркі ауданының өзіне 400 миллион зауыттың берешегі бар. Сол берешекті ала алмай, келісім-шарт мерзімі бітті. Шаруалар нақты ақшасын ала алмай, кредиторлардан құтыла алмай жүр». Шаруалар бұл еңбегі орасан кәсіп екенін айтады. Өткен жылы облыс бойынша 2 мың гектарға тәтті түбір егілген екен. Өнім орташа болыпты. Сонда да кәсіпкерлер зауытқа 126 мың тонна қант қызылшасы өткізген. Бірақ, қабылдап алған тарап көк тиын төлемеген. САҚА МАНАТОВ, КӘСІПКЕР: «Мына жерде 200 -дей шаруа қожалық келіп тұр. 250-дей қожалық бар. Егер бір аптаның ішінде зауыт басшылары біздің мәселені шешпесе, біздің ақшамызды орына қоймаса, біз екі жарым мың адаммен зауытты қоршауға міндеттіміз. Бәріміз соған көнеміз, келісеміз ғой? Иә!». Диқандар жылда осындай жағдайға тап болады екен. Өткен жылы зауытқа өткізген өнімнің ақысын әкімдік өтеп беріпті. Биыл ол тарап үнсіз отырғанға ұқсайды. Өндірістің жұмысшылары да жалақы көрмедік деп жыларман. Әрі зейнетақы қорына деп ұсталған ақша есеп-шотқа түспейтіні белгілі болған.

ШЫНАР КӨШПЕНБЕТОВА, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ «Көріп отырсыз ешқандай айлық жоқ. Қазір 30-ақ процент дейді. Алатынымыз 22-25 мың. Жолдасым да жұмыс істеді, қазір басқа жұмыс жоқ. Қазір қай жерге барамыз?». Қант зауыты басшысын жұмыс орнында болмай шықты. Тек телефон арқылы жауап берді. Директор ұзаққа созбай ақшаларын беремін дейді. НАЗАР СҮЛЕЙМЕНОВ, «МЕРКІ ҚАНТ ЗАУЫТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: «Біздің зауытта қаржылық қиындықтар туындады. Бұл уақытша деп ойлаймын. Ең алдымен келісім-шарт мерзімі асып кеткен шаруалармен есептесуді бастаймыз. Келесі бейсенбіде кірісеміз. Кешіктіргеніміз үшін үстеме ақысымен қайтарылады». Шаруалар дер кезінде ақшаларын ала алмаса облыс шаруашылығы үшін үлкен проблема болайын деп тұр. Неге десеңіз, кәсіпкерлер уақытылы қаржыға қол жеткізбесе, көктемгі егіс науқаны болмайды. Сәйкесінше, Жамбылда қант қызылшасы биыл мүлдем егілмей қалуы мүмкін.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »