«Үкіметтен грант әперемін»: Шымкентте тағы бір тұрғын алданып қалды
«Кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «Үкіметтен кәсіп ашу үшін қайтарымсыз қолдау қаржы — грант алып беремін» деп, алдын ала 100 000 (жүз мың) теңгесін алып, он ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай сандалтып жүргенін жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-44-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі кезде ұсталған азаматша өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz