Новости на Newstaraz.

Әлемнің 30 елі ғаламдық жылынудан сақтану үшін метанның бөлініп шығуын қысқартады

newstaraz.kz

Әлемнің отыз екі елі «Ғаламдық метан міндеті» жобасына қосылып, 2030 жылға дейін метанды ашық ауаға шығаруды 30%-ке қысқартуды міндетіне алып отыр. Осылай халықаралық қауымдастық ғаламдық жылынуға қарсы тұра алады деп мәлімдеді дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден.

Жоба қараша айында Шотландияда өтетін БҰҰ-ның климатқа қатысты конференция қарсаңында дайын болмақ. Оның мақсаты – әлем елдерін ортақ шараға қосылып, ауа температурасын 2100 жылға қарай 1,5 градусқа ғана көтерілуін ұстап қалу. Бұл құрғақшылықтан, қатты ыстықтан, экожүйе апатынан сақтап қалуға көмектеседі дейді.

Метан – ауа температурасының көтерілуіне әсер ететін көмірқышқыл газдан кейінгі улы зат. Мамандар ол тіптен көмірқышқыл газынан да қауіпті болуы мүмкін дейді. 20 жылда атмосфераны 80 есеге күйдіріп жіберуі мүмкін.

АҚШ қазірдің өзінде мұнай және газ шығаратын ұңғымадан метанның бөлініп шығуын азайтып жатыр. Метанның бөлініп шығуын азайту жобасын әлемді ластап жатқан 20 ірі елдің тоғызы қолдады. Олар — АҚШ, Еуропалық одаққа мүше елдер, Канада, Индонезия, Пәкістан, Мексика, Нигерия, Аргентина және Ирак. Бұл жобаға Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіруге дайын.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »