Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 71 адам жанама әсерін сезген

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 71 адам жанама әсерін сезген

Өзбекстанда вакцина салдырған соң 71 адам жанама әсерін сезгені тіркелді, деп хабарлады Санитария және эпидемиология қызметі басшысының орынбасары Нұрмат Отабеков.

Оның айтуынша, 6 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанда 49 200 адам екпе салдырған. 29 860 адам AstraZeneca вакцинасын қабылдаса, 19 742 адамға ZF-UZ-VAK2001 қытай-өзбек вакцинасы егілген.

Жанама әсерін сезген 71 адамның 45,7 пайызында дене қызуы 37,5 градустан жоғары болған, 21,2 пайызында дене мүшелері ауырған, 14,1 пайызында екпе салған жер сыздап ауырған, 2,2 пайызының бойын қорқыныш билеген.

Отабеков жанама әсерді вакцинаның нақты қай түрі тудырғанын айтпады.

centralasian.org

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »