Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда осыған дейін белгісіз болып келген динозаврдың жаңа түрінің қаңқасы табылды

newstaraz.kz

Вашингтондағы Смитсон институтының палеонтологы Ханс-Дитер Сьюз бен Ресей ғылымдар академиясының мүшесі Александр Аверьянов Өзбекстанда табылған динозаврдың түрін Dzharatitanis kingi (қысқартқанда D. kingi) деп атады.

Бірінші сөз Қызылқұм жазығы Жарақұдық ауылының атауынан алынған. Динозавр қалдығы осы жерде табылған. Екінші сөз ғалымдарға көмектескен марқұм Кристофер Кингтің атымен аталды.

2016 жылы Сьюз, Стивен Брюсатти, Эми Мюира мен Ен Б. Батлер Өзбекстанда табылған динозаврдың сүйегін Timurlengia немесе Әмір Темір деп атаған.

Ғалымдардың пікірінше, табылған динозавр зауроподтар немесе завроподтар болған, шөппен қоректенген.

D. kingi омыртқалы зауроподтар — rebbachisaurid тобының ерекші түріне жатады. Осыған дейін мұндай ерекше түрі Солтүстік Африка, Еуропа және Америкада табылған.

Диплодок — Жер бетіндегі ең ірі тіршілік иесі болған. Өзбекстанда өмір сүрген түрінің көлемі екіқабатты екі автобусқа парапар.

Ғалым Сьюздің сөзінше, бұл динозавр 90-100 миллион жыл бұрын Бор кезеңінде өмір сүрген. Сол себептен PLoS One журналында жарық көрген динозавр туралы мақала «Азиядан шыққан бірінші -зауропод-реббахизаврид динозавр» деп аталады.

Табылған D. kingi динозаврының да мойыны мен құйрығы ұзын болған. Сьюз бен Аверьянов динозаврдың құйрығының жотасын ғана тапқан.

«Біз Бор кезеңінде жануарлар аймақтарға қалай тарағанын зерттеп жатырмыз. Өйткені ол кезеңде Еуропа үлкен және кіші аралдардан тұрған, ал Шығыс Азияда құрғақ жерлер көп болған», — дейді Сьюз.

Ғалымдар әзірге D. kingi Орта Азияға Еуропа мен Азияны біріктіріп тұрған құрғақ жерлер арқылы келуі мүмкін деген болжам айтады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »