Новости на Newstaraz.

Ақ үй: Ресей Украинаның шығыс және оңтүстік аймақтарына шабуыл жасауға дайындалып жатыр

newstaraz.kz

Ресей Украинада алғашқы көздеген мақсаттарын өзгертіп жатыр. Осылай деп АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан брифинг кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей он мыңдаған әскерін Украинаның шығыс және оңтүстік аймақтарына жөнелтуді жоспарлап жатыр. «Ресейдің қазіргі мақсатының бірі аталған аймақтардағы украин әскерлерін қоршауға алу және жою болуы мүмкін. Мәскеу осыған дейінгі жеңіліске ұшыраған әскери әрекеттерін жабуға әлектеніп жатыр»,- деді ол.

Салливанның сөзінше, соғыстың кейінгі кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін, себебі Украинаның шығысында орыс әскерлерінің саны көп және олар соғыс басталғанға дейін жікшілдер бақылауға алған аймақтан көп жерлерді басып алуға әрекет етеді.

«Оңтүстікте Ресей Херсонды бақылауында ұстап қалуға әрекет жасауы мүмкін. Сонымен бірге Украинаның басқа аймақтарына, оның ішінде Киев, Харьков, Львов және Одесса қалаларына зымыран соққыларын жасауды жалғастыра береді»,- деді Салливан.

Ол жақын күндері АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға қосымша әскер көмек беретінін жариялайды деді.

Ресей әскерінен азат етілген Украинадағы Буча қаласында бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру оқиғаларынан кейін батыс елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге, сонымен бірге әскери қылмысқа барғандарды соттау үшін көмектесуге дайын екенін жеткізген. Дүйсенбі күні Джо Байден әскери қылмыстар үшін Ресей президенті Владимир Путинді жауапкершілікке тартуға шақырған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »