Новости на Newstaraz.

Ақтөбе облысында Шұбарқұдық депосының жұмысшылары наразылыққа шықты

newstaraz.kz

Ақтөбе облысында Шұбарқұдық депосының жұмысшылары наразылыққа шықты

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентіндегі тепловоз жөндейтін депоның 23 жұмысшысы 17 маусымнан бері жұмысты тоқтатып, наразылық білдіріп тұр. Олар 2022 жылғы қаңтар айынан бері жалақы төленбегеніне наразы.

— Шұбарқұдықтағы депоның инженермін. Жалақым аса көп те емес. Ай сайын қолыма жүз мың теңгенің айналасында ақша алатынмын. Оның өзін қаңтардан бері төлемей отыр. Басшыларымыздан себебін сұрасақ, мекеменің табысы су, электр, салық сияқты шығындардан аспайды дейді. Еңбек департаментіне де шағымдандық. Олар «Қазақстан президентінің жарлығына сай, 2023 жылдың қаңтарына дейін мораторий жарияланды, микрокәсіпкерлік субьектілерін тексере алмаймыз деп жауап берді, — дейді инженер Арман Әлімбаев.

Шұбарқұдық депосының жұмысшылары айына кем дегенде 7-8 тепловоз жөнделетінін айтады. Сәуір-мамырда 11-12 тепловоз жөнделген. Мекеменің табысы жөнделген тепловоз санына қарай өсіп отырады. «Бірақ жұмыс көлемінің көбеюі жалақыға еш әсер етпейді» дейді жұмысшылар.

Арман Әлімбаевтың сөзінше, қаңтардан бері жалақы алмаған 23 адам күн сайын жұмыс уақытында депоға келіп отырады. Бірақ өткен жұмадан бері тепловоз жөндеуден бірауыздан бас тартқан.

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігі бұл жағдайдан хабардар. Әкімдіктің мәліметінше, Шұбарқұдық жөндеу депосы серіктестігі жұмысшыларына 15 млн 245 мың теңге қарыз.

«Компания салық төлемегендіктен есеп-шоты бұғатталған. Шоттарында қазір жеті миллион теңге бар. Айдың соңына дейін тағы 18 млн теңге түсуі тиіс. Осы қаржыдан жұмысшылардың жалақы толық төленеді» деп хабарлады Темір ауданының әкімдігі.

Ал депоның кадр бөлімінің қызметкері Шара Ермағанбетова «Жалақы бүгін-ертең төленеді деген уәдеге әбден тойдық. Бұл жолы да әкімдікке сеніп отырған жоқпыз. Жалақыдан бөлек соңғы жеті жыл бойы компания зейнетақы қорына да ақша аудармаған. Сондықтан бұл өрескел заңбұзушылықтарға құзырлы органдардың назар аударуын сұраймыз» деді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »