Новости на Newstaraz.

АҚТӨБЕДЕ СТУДЕНТТІ ПЫШАҚТАП КЕТТІ

newstaraz.kz

Ақтөбеде тал-түсте студентті өзі оқитын жоғары оқу орнының маңында пышақтап кетті. Қан жоса болған 19 жастағы жігітті кездейсоқ адамдар жедел жәрдеммен емес, жеңіл автокөлікпен ауруханаға жеткізген. Оған жауыздық жасаған кім? Жағдайы қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оқиға сағат төрттердің шамасында дәмхананың алдында болған. Жолдың қарсы бетінде Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғимараты тұр. Жараланған студент сонда оқиды екен. Тау-кен мамандығының 2-курсында білім алып жатыр. Тәртіпті, оқуда озат, группасының старостасы болып жүрген шәкірттерінің мұндай жағдайға қалай тап болғанына ұстаздары да сене алатын емес. Пышақталғанын ауруханадан хабарласқанда бір-ақ білген.

ҚАРЛЫҒАШ САТЫБАЛДИНА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАСТАР САЯСАТЫ, ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз оны кім пышақтағанын білмейміз. Біздің университеттен тек бір ғана бала. Сол ауруханада жатыр.
— Жаппай төбелес болған дейді?
— Жаппай төбелес болған жоқ . Біздің территорияда болмағаны кеше анықталды. Алдымыздағы 9-этажды үйдің жанында ол ситуация болған))

Жәбірленуші қалада пәтер жалдап тұрады екен. Өзі Хромтау ауданынан. Ата-анасы да ауылда тұрады.

СӘКЕН ҚАПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Танымайтын адамдар пышақ салған. Кеуде қуысына, сол жақ аяғына. Түскен кезде жағдайы ауыр. Бір сағаттан кейін операцияға алынды. Сол жақ кеуде қуысының кесіліп, тесілген жарақаты, өкпесінің жарақаты анықталды».

Таяқ жеген сәтте студенттің жанында кім болғанын да ешкім білмейді. Аурухананың қабылдау бөліміне де кездейсоқ адамдар көлігімен жеткізіп салыпты.

Жарақат алған жігіттің өкпесіне ота жасаған. Дәрігерлер оның 600 мл қан жоғалтқанын айтып отыр. Жарты саған бұрын ғана палатаға ауыстырыпты. Сондықтан, онымен тілдесу мүмкін болмады. »

Студентке күш көрсеткендер жалғыз болмаған. Полицейлер төбелеске қатысы барлардың саны бірнешеу екенін айтты. Ал 19 жастағы жігітте екі жерден пышақ салған қаскөйдің өзі әлі ұсталмаған.

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Төбелеске қатысы барларды анықтап, ұстады, сондай-ақ, пышақ жарақатын салған адамның жеке басы анықталуда. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 24, 99 баптары бойынша тергеу басталды».

Жыл басталғалы облыста жасөспірімдерге қатысты 16 қылмыстық іс тіркелген. Жастар арасында төбелес осымен үшінші рет болып тұр. Бұған дейін қаладағы №10 мектептің 11 сынып оқушылары төбелесіп, бір бозбала жарақат алған еді. Кейін Шалқар қаласында жоғары сыныптың оқушылары сөзге келіп қалып, жанжал кезінде бұзақының бірі 16 жастағы балаға пышақ сұғып алған болатын.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »