Канадада ұсталған Қазақстан тумасының ата-анасы оның кінәсіз екенін айтып, жан ұшыруда

Фото express-k.kz

Yahoo компаниясына хакерлік шабуыл жасады деген айып тағылған 22 жастағы Қазақстан тумасы Карим Баратовтың ата-анасы ұлының кінәлі еместігін айтып, оны босатуын сұрайтындығын express-k.kz жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Еске сала кетейік, АҚШ 2014 жылы Yahoo компаниясына хакерлік шабуыл жасаған ресейліктерге айып таққан. Олар 500 млн есеп жазбасын бұзыпты. АҚШ ресми өкілдердің айтуынша, айыпталғандар қатарында ФҚҚ-нің екі қызметкері мен «екі хакер» бар. Хакерлердің бірі Карим Баратов деп танылып Канадада қамауға алынған.

Енді хакердің ата-анасы Ахмет пен Динара Тоқбергеновтер (Карим анасы жағынан атасының тегін алған) канадалық билік өкілдерінен ұлын сәуірдің 5-де болатын тыңдауға дейін кепілге босатуын сұрап отыр. Олардың айтуынша, балаларының шетелге барып шалқып өмір сүрді дегені шындыққа жанаспайды. Ұлдарының қымбат көліктердің фонында тұрып суретке түсуі — жақсы өмірге ұмтылыс білдіретін кез-келген жасөспірімге тән дүние.

«Жас жеткіншектер өздерін әлбетте бәрінен де озат көрсеткісі келіп керемет жетістікке жеткен тұлға сияқты көрсеткісі келеді», — деп Ахметтің сөзін келтірді британиялық The Independent басылымы.

«Ол өзіне сондай образ жасап, солай көрсеткісі келген ғой. Шындығына келгенде, ол мүлдем басқа адам. Ол сондай момын әрі қарапайым» , — деп жалғастырады айыпталушының анасы.

Карим Баратовтың адвокаттары өз кезегінде, оған деген тағылған айыптың барлығы саясиланған дей келе, оның Канададан Штатқа берілуіне тосқауыл болатындарын айтқан.

Михаил Дворянчиковтің материалынан аударылды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий