Егер сіз өз жұмысыңызды ауыр деп санасаңыз, кәріз жүйесін тазалаушылар туралы естігеннен кейін ойыңыз өзгеретіні анық. Олар нәжістерді ағызып әкететін жер астындағы құбырлар жүйесін күнде тазалаумен болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы gossip.naij.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кәріз тазалаушы. Фото: gossip.naij.com
Бангладештің Дакка қаласында жұмыс істейтін кәріз тазалаушылар жұмысы барысында өмірін қауіпке тігуге мәжбүр. Олар күнделікті нанын тауып жеу үшін маска және қолғап кимей-ақ, нәжіс арасына сүңгіп, кәрізді тазалайды.
Даккада 14 миллион адам тұрады. Олардан жиналатын қалдықтар толы кәріздерді түрлі микробтар мен бактериялар мекен етеді. Соңғы жылдары өңірде кәріз тазалаушылардың өлімі көбейген. Соған қарамастан, жұмысшылар бұл істі де атқаруға мәжбүр. Айта кетерлігі, олар жұмысы үшін айтарлықтай жоғары жалақы алмайды.