Видеодан алынған кадр
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында көрсетілген.
Телеарнада әрлеуші боп жұмыс істейтін қыз аяқ асты ауырып қалып, оның орнына Фариза есімді бойжеткенді шақырады. Ал, ол — айы-күні жақындаған «аяғы ауыр» келіншек боп шыққан.
Жоспар бойынша, оператор, продюсер және режиссер түсірілім алаңынан кетіп қалып, ол жерде тек Адиль Лиян, Тәуекел және Фариза қалады. Сұхбат барысында аяғы ауыр Фаризаның кенеттен толғағы қысып, келеңсіз жағдай орын алған.
Босанайын деп жатқан келіншектің жанында жалғыз өзі қалған Тәуекел не істерін білмей, аңтарылып қалады. Ол біресе су алып беріп, біресе Фаризаны қолынан ұстап тұрғызып, біресе әрлі-бері жүріп әбден састы.
Тек, ойдан құрастырылған оқиғаның «құрбаны» болғанын актер «жедел-жәрдем қызметкерлері» келген кезде ғана білген.