Новости на Newstaraz.

БАЛАҢЫЗ НЕ КӨРІП ЖҮР?

newstaraz.kz

Бүгінгінің балалары не көріп жүр? Аулада «Человек паук» болып асыр салып, темір адам болып текетірескен тентектерді көргенде бұл сұрақтың жауабы өзі-ақ жылт ете қалады. Nickelodeon-ға телміріп, нетворкқа нанып өсіп келеді. Еріккенінен емес еліккенінен!

Әлбетте, Ақштың анимациясына бәсекелесуге әркімнің -ақ таласы бар! Бірақ, әрқайсысының қаситын жарасы тағы бар! Біздің қоғамда мультфильм жасаумен тек жастар иә болмаса қолы бос, еріккен біреулер ғана айналысу керек деген теріс ұғым қалыптасқан. Бұл сан проблеманың бірі ғана! Отандық мультипликация саласының бүгінгі хал-ахуалы турасында Айбек Қосанның қосары бар!

«Спанч Боб сосын Макуин!».

«Холодное сердце, Миньон сосын мен көремін Мулан».

«Микки маус».

Бұл елордалық балабақшалардың бірі. Балдырғандардың таңдауы қандай екенін байқап, бағамдап отырсыз. Отандық анимация саласында мәселе жетеді. Аталған бағытты Сабыр Әбдіқадыр бір кісідей біледі. Суретшінің қоржынындағы кейіпкерлердің саны 90-нан асады. Әрқайсысы ерекше, анимация талабына сай жасалған. Маман мәселенің бір шеті мынада дейді:

САБЫР ӘБДІҚАДЫР, АНИМАЦИЯ РЕЖИССЕРІ:
«Бізде талантты, талабы бар мульфильмдер шектеулі ғана сериямен шығады да сосын оның танымалдылығын арттыруға мүмкіндік болмай қалады. Шетелдіктердің барлығында маркетинг жағы қатты жұмыс істеген. Бізде менеджмент әлсіз десем, маркетинг жағы мүлде жоқ десек болады.  Маркетинг жағын күшейту керекпіз».

Көпшіліктің көкейіне бұл анимацияның кейіпкерлері сақталып қалған. Алекс, Марти, Глорияның білмейтін жан кемде кем. Ал енді, бұл фильмнің жасалу барысына тоқталайық.

«DreamWorks Animation» компаниясы 2005 жылы «Мадагаскар» анимациялық фильмін шығарды. Оны жасауға, ойланып көріңізші, 112 864 аниматор тартылған. 75 миллион доллар жұмсаған. Ал табысы 532 миллион долларға жетті. Мұнымен тоқтап қалмай, аталмыш компания 2008 жылы 150 миллион доллар шығындап, «Мадагаскар-2» -ні түсіреді. Оның табысы — 603 миллион доллардан асып жығылады. 2012 жылы қорытынды үшінші бөлігіне 145 миллион доллар жұмсап, 746 миллион доллар үстінен табыс табады».

Мықты менеджмент пен маркетинг деген осындай болса керек. Анимация әлем бойынша таралды. Кейін, кәсіптің көзі, қып қызыл бизнеске айналған. Ойыншық, брелок, интерьер дизайны, кеңсе заттары мен сөмкелердің саудасынан қыруар қаржы түскен.

Бұл туынды көпшілікке жақсы таныс. Отандық анимацияны дамытып жатқан отандық студиясының өнімі. Мұндағы мамандар тапсырыстың астында қалмаса да, ақырын жүріп, анық басып еңбек етіп келеді екен. Сұраныссыз отырған әріптестерінің көп екенін айтады.

НҰРИДДИН ПАТЕЕВ,  КИНОСТУДИЯ ДИРЕКТОРЫ:
«Бір жылда 4-5 қана мультфильм жасаймыз біздің студия. Біз сияқты 4-5 студия бар. Оған тапсырыс бола бермейді. Қазақстанда студия жоқ десек өтірік болады. 4-5. Жақында Қазақфильмде жиын болды. Оншақты анимациялық студиялар жиналды. Барлығы отыр, жұмыс жоқ, тапсырыс жоқ».

Күніне 17 сағат хабар таратып, балалардың назары үшін тартысқа түскен елімізде бір ғана телеарна бар. Биыл 10 жылдығын атап өтетін «Балапанда» анимациялық жобалардың саны артқан. 30 пайызы төл өніп, 50 пайызын шеттен сатып алады.

САНДУҒАШ БАЙМАХАНҚЫЗЫ, «БАЛАПАН» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:
«10 бөлімнен тұратын, әр бөлімнің хронометражы 10 минуттан тұратын жобаны жасау үшін кемі 7-12 ай қажет. Яғни, тақырыпты таңдау, концепциясын бекіту, сценарий жазу, әр деталь, әр кейіпкерді мақұлдау, анимациялау,суретін салу оны кейін рендерге салу соның барлығын алған кезде сол 7-12 ай кетеді».

Өз нарығымызды, телеарна мен интернетімізді қазақтілді дүниемен, дүниетанымы ұлтқа жақын туындымен толтыру үшін мемлекет тарапынан қандай шара қолданылып жатыр? Мәдениет және спорт министрлігінің өкілін тыңдайық. Ол кісілер күндіз күлмей, түнде ұйықтамай балалар үшін тер төгіп жатыр екен.

АЛТЫНГҮЛ НҰРБЕКОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ КИНЕМОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТЕАТР ӨНЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмге» тапсырыс берді. Соның арқасында 4 сериялы «Менің атым Қозы» деген анимациялық фильм жасалды. Былтыр 5 анимациялық фильм өтініш қалдырған еді. Бірақ, ешқайсысын қолдау туралы шешім қабылданған жоқ».

Министрліктің тапсырысымен түсірілген «Менің атым Қозыны» интернеттен теріп іздедік, видеохостингтен де қарадық. Таппадық. Бір жылт еткен жаңалық жоқ.

Ютубты ашып қалсаңыз осы сарындағы анимация жетіп артылады. Бала жыламасын, ананы-мынаны сұрамасын деп қолына телефон беріп қоятын ата-ана көп. Ол не көріп отыр?

ШАХМҰРАТ ОРДАБАЕВ, АКТЕР, ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРІ:
«Бұл нәрсе фильтрациядан, тазалаудан өтпегендіктен  балалардың қолында кез келген тақырыпты агитациялайтын, кез-келген тақырыпты көпркептеп түсіндіретін анимация өте көп. Бала кез келген тақырыпты жария қылып жүрген анимацияны  көре береді. Оның сапасы мен аударылуы былай тұрсын оның айтамын деген ойы не туралы болып жатыр?».

Қысқасы, отандық анимация неге дамымай жатыр? Мамандар тапшы, тапсырыс аз, бәсеке жоқ, мемлекет тарапынан бұл бағытты ойыншық көретіндер елеп-ескермей отыр. Менеджмент, маркетинг жайында айтудың өзі ұят. Бұл тек бір парасы ғана. «Ертеңгі елдің болашағы —  балалар!» деп сөз бастағанда аузы-аузына тимейтіндер, осы салаға шын жаны ашитын азаматтармен бас қосып, бұл проблеманы біржақты қылудың жолын тапса игі еді. Әйтпесе мәселені қағаз күйінде шешіп келдік қой, істің оңғаны кәнеки?

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »