Новости на Newstaraz.

БАЛА КҮТУШІ 1,5 ЖАСАР СӘБИДІ АЯУСЫЗ ҰРҒАН

newstaraz.kz

«Аузыңды жап! Үніңді өшір!». Алматыда 1,5 жастағы сәбиге бас-көз болып жүрген келіншектің сұмдық әрекеті әшкере болды. Бала күтушісінің жұмысын жасырын тексермек болған бүлдіршіннің әкесі бөлмеге камера орнатып, сырттай бақылаған кезде жағасып ұстапты. Әлі тілі шықпаған ұлды аяусыз сабаған әйел, бұл тірлігін күнде қайталап отырғанға ұқсайды. Оған көршілерінің шағымы да дәлел. Қатігездігімен қолға түскен келіншек өз кінәсін мойындаудың орнына, полиция қызметіндегі таныстарына хабарласып, өзін ақтап алуды сұраған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бір жарым жасар сәбиді аяусыз ұрып жатқан бұл бала күтушінің әрекеті бүкіл елдің ашуын тудырды. Соңғы уақытта өте көп жылайтын баласын, жалдамалы күтуші ұрып жүр деген ой Исабаевтардың үш ұйықтаса түсіне кірмепті. Тіпті, бүлдіршіннің аяғына жылап жармасқаны да ана көңіліне еш күдік ұялатпаған көрінеді. Тек, көршілері сәбидің күндізгі уақытта тоқтаусыз жылайтыны туралы айтқаннан кейін ғана бейнебақылау орнатып, осындай жағдайға куә болыпты.

ЖОМАРТ ИСАБАЕВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ
«Біз бұл қызды 7 қазаннан бастап алғанбыз. Басында ешнәрсе байқамағанбыз. Агрессиясын, қатігездіктерін көрмегенбіз. Бұл түске дейін үйде ешкім жоқ кезде болған зат. Бұл бірінші рет емес, баланың психикалық ауытқу болды, нервтық ауытқу болды қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр».

Бүлдіршінді аяусыз ұрған бала күтуші Өзбекстан азаматы екен. Оған заң бойынша қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін заңгерден сұрадық.

НҰРЛАН НИЕТУЛЛАЕВ, ЗАҢГЕР
«Бұл жерде әрбір қылмыстық бұзушылық құрамның өзінің белгілері болады. Сол белгілерге қарай отырып мысалы 140 бас бойынша саралайтын болсақ, қылмыстық жазасы максимум 40 тәулікке дейін қамаққа алынады».

Яғни, оңай жазамен құтылады, дейді заңгер. Ал, жұмыс беру бюросының басшысы ата-аналар бала күтушісін алғанда келісім арқылы видеобақылау орнату керек. Сол кезде ешқандай жағымсыз жайттар туындамайды, дейді.

ЖАЗИРА РЫСПАЕВА, ЖҰМЫС БЕРУ БЮРОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Көп кәсіби бала күтушілер видеобақылаумен жұмыс істегісі келеді. Өйткені олар өздерінің құқықтарын қорғай алады.Міндетті түрде педогогикалық, медициналық білімі болуы керек. Білімінен басқа тәжірибесі болуы керек».

Қазір бұл істі прокуратура қарап жатыр. Алдағы уақытта бала күтушісі жазасыз қалмайтын сыңайлы.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »