Новости на Newstaraz.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетіне байланысты болжам айтты

newstaraz.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетіне байланысты болжам айтты.

«Қараша айында оптимистік сценарий бойынша күніне орташа есеппен 1,5 мың науқас тіркеледі, шынайы ахуал бойынша – 1650, пессимистік болжам бойынша 1800 адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Желтоқсан айында көрсеткіштер сәйкесінше – 1,1 мың, 1,6 мың және 2350-ге өзгеруі ықтимал. Ал қаңтар айында 650, 1,5 және 3 мың науқас тіркеледі деп болжаймыз» деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысы кезінде.

Қазір күніне шамамен 1,3-1,5 мың науқас тіркеліп жүр. Жазда індет ушыққан кезде күніне тіркелген науқастар 8 мыңға дейін жеткен. Билік індеттің ушығуын коронавирустың дельта вариантымен байланыстырған.

Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайғанмен адам өлімі көрсеткіші әлі де жоғары. Күніне ондаған адам коронавирустан қайтыс болып жатыр. Екі күн бұрын Қазақстанда 42 адам коронавирус пен «пневмониядан» көз жұмды. 25 қазанда 1353 адамның анализінен коронавирус анықталды. 24 қазанда 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Індет басталғалы бері коронавирус пен «пневмонияға» шалдыққандар 1 миллионнан асты.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »