Новости на Newstaraz.

ЕЛІМІЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША КӨШТІҢ СОҢЫНДА

newstaraz.kz

«Бала тәрбиесі бойынша үздік мемлекеттер» рейтингінде Қазақстан 80 елдің ішінде
74-орынға жайғасты. «Тәрбие тал бесіктен басталады «деп, дүниеге шыр етіп келген сәбидің тәліміне кішкентайынан көңіл бөлетін халқымыз неге қою шаңның арасында қалып қойды?. Ал, рейтинг жасағандар болса өз уәждерін елімізде балалар арасындағы түрлі зорлық-зомбылықтың және суицидтің көбейгенімен байлагныстыруда. Жалпы бала тәрбиесінде ата-аналар қандай мәселелерге назар бөлмей отыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бала тәрбиесінде үздік бестікке Еуропа елдері мен Канада кіріпті. Атап айтқанда, Дания мен Швеция және Норвегия балаларға құрмет көрсетіп, қамқорық жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан көш басында тұр. Сонымен қатар Жаңа Зеландия мен Австралия, Австрия секілді елдер де үздіктер тізгінінде. Ал Қазақстан осы рейтингте 80 елдің ішінде небәрі 74-орынға жайғасыпты. Неге?».

Еліміздің мұндай төмен рейтингке ие болуына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар. Ең бірінші, ата-аналардың балаларына уақыт бөліп, көңіл аудармауы. Екіншіден, қазіргі ұрпақты әлемжелі тәрбиелеуде. Үшіншіден, бүгінгі қоғам депрессияға ұшыраған. Оны күн сайын оқушылармен кездесетін мұғалімдер де растап отыр.

ГАЛИНА ӨТЕГЕНОВА, МҰҒАЛІМ: «Соның бәрінен баланың тәрбиесі сырт қалады негізінде. Сонымен бала көбіне үйде немен айналысады? Теледидардың алдында отырады. Сосын жаңағы ұялы телефонмен соның ішіне кіріп, соның ішінен керектісін қарап, керек емесін де қарап отырады. Сонымен енді бала тәрбиесі кішкене олқылықтар да болып қалады сол арқылы деп ойлаймын».

Халықтың пікірі де осыған ұқсас. Күйбең тірліктің салдарынан ата-аналар балаларына көңіл бөле алмайды.

Баланың құқығы қорғамақ түгілі, оларды ұрып-соғу, зорлау фактілері де күн сайын сайын артуда.

ДИНАРА САЛИЕВА, БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ (ЮНИСЕФ) ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: «Осыдан 4 жыл бұрын жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес халқымыздың 75 пайызы балаларға қысым көрсету арқылы тәрбиелейтінін аныөтағанбыз. Яғни отбасында балаларды көбіне ата-аналары мен қамқоршылары тәрбиелейді. Осы ретте байқағанымыздай, кейбір ата-аналар балаларын бағыт-бағдар беруді білмейді. Сондықтан да кей жағдайда әлеуметтік роликтер арқылы, блогердердің көмегімен біз барынша бала мен ата-ана арасында қарым-қатынасты нығайту бойынша ақыл-кеғестерімізді береміз!»

Ал танымал блогер Өркен Кенжебек ата-ананың сапалы уақыт бөлмеуі болашақта бірнеше мәселеген әкеп соғуы әбден мүмкін дейді.

ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК, БЛОГЕР:
«Ол ата-аналардың балаларға бөлетін сапалы уақытының азаюуы Яғни, мысалы, ол шетелде сапалы уақыт деген ол ата-анасының баласымен отырып кітап оқуы, деректі фильм көруі, жақсы бір саяхат ұйымдастыруы . Мысалы ол шетелде 3 сағаттық болса, бізде 20-40 минутқа шейін азайып кетті дейді. Сондықтанда жасөспірім арасында суицидтің көбеюінен бастап, білім деңгейінің түсуіне дейін бір ғана индикатор сапалы уақыттың азаюы».

Бала тәрбиесіне кемі 5 жасқа дейін мұқият болған дұрыс. Себебі өсіп келе жатқан баланың психикасының қалыптасуына барынша жағдай жасау керек. Балаға қамқорлық, оның қауіпсіздігін қорғау,гендерлік теңдік, бақыт-бағдар беру де тұлға ретінде қалыптасу үшін қажетті факторлар. Сондықтан да әлеуметтік желіге, көк жәшікке телімірмей сол уақытты балаңызға бөлсеңіз жеткілікті, дейді сарапшылар.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »