Новости на Newstaraz.

Еліміздің батыс өңірінен туған жерлеріне сарбаздар оралуда (фото)

newstaraz.kz

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өткізілді. Салтанатты шара кезінде 900-ге жуық сарбаз әскери бөлімнің саптық алаңымен соңғы рет өтті.

 

Сарбаздардың әскери бөліммен қоштасу іс-шарасы салтанатты  түрде Ақтау, Ақтөбе және Атырау әскери бөлімдерінің жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпымен аяқталды. Бір жыл бойы сарбаздар жауынгерлік мамандықты меңгеріп, жауынгрелік даярлықта айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтерген, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Командирлердің нанымы бойынша аталмыш шара әскери дәстүрлерді қолдап және сақтауға мүмкіндік беріп, сарбаздарға абыроймен атқарған парыздары үшін мақтаныш сезімін жоғарлатуға сеп болады.

Осы іс-шараға орай, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сарбаздар грамотарлармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, олардың ең үздіктері әскери атаққа ие болды, солардың ішінде ефрейтор Аспандияр Арыстанов.

«Әскердегі бір жыл, мен және менің қызметтестерім үшін нағыз ерлік пен достықтың, өр мінезділік пен қайраттылықтың емтиханы болды. Бүгін біздер кіндік қанымыз тамған өлкемізге нағыз ер азамат болып оралудамыз. Бұның барлығы дерлік біздің командирлеріміздің арқасында, сол үшін оларға мың алғыс», – деді ефрейтор Аспандияр Арыстанов.

Әскери бөлімдердегі қалыптасып қалған салттарға сәйкес сарбаздар саптық алаңмен соңғы рет шерумен өтті. Бір қызығы, мерзімді әскери қызметшілердің біразы келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға бел буып, Қарулы Күштердің қатарында тұрақты түрде қалды, ал кетіп бара жатқандардың орның еліміздің барлық аймақтарынан күзгі шақырылымның жас сарбаздары толықтырады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасының баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »