Новости на Newstaraz.

ЕРІКТІЛЕР 82 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

newstaraz.kz

Елордалық еріктілер 82 жастағы кейуанаға көмектесті. Бір топ азамат жалғызбасты зейнеткердің үйінің ауласын қалың қардан аршып, көмірін тасыды. Қария 15 жылдан бері өз күнін өзі көріп келеді екен, ешкімнен көмек сұрамап едім, дейді. Тек соңғы жылдары бойынан әл-қуат кетіп, жанары сыр бере бастағанда еріктілерге жүгініпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

РАИДА МИФТАКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
«Мен жалғызбын. Жұбайым мен жалғыз балам қайтыс болған. Еріктілерге рақмет. Үшінші рет келіп, қар күреп, көмір кіргізіп, қолғабыс болып жүр. Өзім бір рет барлығын жасауға тырыстым. Кейіннен ауырып қалдым.»

Қалалық әлеуметтік қызмет мамандары Раида Мифтикова сынды 480 жан бар дейді. Араларында зейнет жасына жеткендермен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да кездеседі. Еріктілер осындай жандарға көмек үшін апта сайын үйлеріне барып тұрады екен. Кейде қар күреу мен отын су тасудан басқа, азық-түлігін де әкеліп береді.

АРАЙ ӘШІРБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Қызмет алушылар арасында осындай 20 жер үйде тұратын қызмет алушылар бар. Соларға біз мына қысты күні қар тазалау, отын-суын әкелу жұмыстарына еріктілер тобын шақырамыз.»

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »