Новости на Newstaraz.

Ерлік – ұрпақ ұраны

newstaraz.kz

Шымкент қаласының №129 орта мектебі аумағында Абай және Әл-Фараби аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің «Жас сарбаз» сыныптары арасында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты әскери – спорттық сайыс өтті.

 

Жарысқа 14-17 жас аралығындағы 15 адамнан тұратын бес команда қатысты. Оларды Абай және Әл-Фараби аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасының бастығы, қалалық білім басқармасының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алды.

– Жас сарбаздар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде. Өткен жылғы әскери-патриоттық жарыстардағы тәрбиеленушілердің үздік көрсеткіштерін атап өткім келеді. Біздің қатарымыз жыл сайын кеңейетініне үміттенемін, – деп атап өтті № 129 мектептің әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушысы, запастағы аға лейтенант Сариев Мырзахан.

Қатысушылар саптық дайындық, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, автоматты бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық винтовкадан ату шеберліктерін көрсетті.

Әскери-спорттық ойындар жүлдегерлерінің үштігі медальдармен және грамоталармен марапатталды. Аудандық кезеңнің бірінші және екінші орын алған командалар алдағы уақытта өтетін қалалық жарыстарда өнер көрсетеді.

Айта кетсек, 129–шы мектепте мыңнан астам оқушы оқиды, олардың 600-ден астамы әскери қызметшілердің балалары.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »