Новости на Newstaraz.

Иман Каримова анасының қамаудағы мерзімін өзбек билігі бесінші мәрте ұзартқанын хабарлады

newstaraz.kz

Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың қамаудағы мерзімін тағы да ұзартты. Бұл туралы оның Лондонда тұратын қызы Иман Каримова Instagram’дағы парақшасында хабарлады. Бірақ ол анасының түрмедегі мерзімі қанша уақытқа ұзарғанын жазбады.

«Азаматтар мен журналистерден сұрақ көп түсіп жатқандықтан, біздің топ Гүлнара Каримованың саяси астары бар ісі туралы толық ақпарат жариялай бастайды» деп жазды Иман Каримова 3 желтоқсанда ​Instagram’дағы парақшасында.

Оның айтуынша, Гүлнара Каримованың қамаудағы мерзімі «бесінші мәрте ұзартылған, оны ешкіммен кездестірмей ұстап отыр, өйткені үкіметтің көптеген мүшелерінің қатысы бар істің көпшілікке жария болуынан қорқады».

«Жақында іске «құпия» мәртебесі берілді, мұндай шешім қабылдауға не себеп болғаны түсіндірілмеді. Іс материалдарын адвокаттарға да көрсетпей отыр. Бұл — Конституцияға қайшы» деп жазды Иман Каримова.

Бірнеше күн бұрын ол Instagram’дағы iman.k17 аккаунтын «заңгерлер, бауыры және топ» жүргізетінін хабарлады.

Гүлнара Каримованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) қорғауындағы азаматпен кездесе алмай жүргенін 25 қарашада Twitter арқылы мәлімдеген. Оның өтініштерін өзбек билігі қабылдамаған.

16 қыркүйекте Манжа Ташкентте Каримоваға қатысты тағы бір құпия іс қарала бастағанын хабарлады. Сол күні Иман Каримова өзбек үкіметін Өзбекстандағы жемқорлық туралы құпия мәліметтер жақында жарияланатынын ескерткен.

2017 жылы Гүлнара Каримова он жылға сотталды. Өзбекстандағы сот оны салықтан жалтарды, қаражат ұрлады, ақша бопсалады, оффшордағы компаниялардың құжаттарын жойды деп таныды.

Сот үкімі шыққан соң Каримова біраз уақыт үйқамақта болды, бірақ 2019 жылы наурызда оны Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы №21 әйелдер колониясына отырғызды.

Биыл Өзбекстанның бас прокуратурасы Гүлнара Каримоваға қатысты тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Каримованың адвокаты Грегуар Манжа қорғауындағы Гүлнараның қанша жыл түрмеде отыратынын білмейтінін мәлімдеген.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »