Новости на Newstaraz.

КӨПБАЛАЛЫ АНА ЕЛОРДАДА МҰЗ ОЙЫП, ҚАР ТАЗАЛАЙДЫ

newstaraz.kz

Қыс келіп, елорданың тазалығын сақтайтын серіктестер үшін нағыз қарбалас кезең басталды. Боранда бос отырмайтын «Астана Тазалық» жұмыскерлері, тынық күндері де тыным таппайды. Қар тасып, мұз ою нәзік жандылардың болмысына жат, әрине. Алайда, бала-шағаның қамы үшін аналарымыз қар түгелі тау қопаруға даяр екені бесенеден белгілі. Сондай жандардың бірімен Еуразия бірінші арнасының тілшісі тілдесіп қайтқан еді…

Көшеде келе жатып, тап алдыңда жатқан мынадай тасты көтеруге ерінетініміз өтірік емес. Біздің сюжетіміздің кейіпкері осындай омпы қарды нәзік саусақтарымен күреп, күнделікті жүріп-тұратын жолымызды таң атпастан тазартып қояды. Астана уақытымен сағат 6:00. Күн 21 градус аяз. Өзі де келіп қалуы керек қазір…

Әне-міне дегенше, құрал-саймандарын асынып, Айгүл апайымыз да келді. Жұмысы таң сәріден, 6-да басталады. Елорданың тазалығына атсалысып жүргеніне 6 жыл болыпты. Тәулігіне 12 сағат тынбай еңбек етеді. Сақырлаған сары аяз да, бет қаратпайтын боран да кедергі емес.

— Апай қай жерден бастаймыз жұмысты?
-Қазір мыналарды жинап тастайық, сосын мына кезден бастаймыз.
-Мен де текке тұрмай Сізге көмектесейін. Мыналарды жібітіп.
-Күнде осылай жұмыс істейміз.
-Менің білуімше, сіз 80 шақырым жерден келдіңіз иа?

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

-Иа, күніне 80 шақырым жүреміз.
— Қандай ауылда тұрасыз?
-Көбетейде тұрамыз.

80 шақырымды еңсеріп келгендегі алатыны айына 80 мың. Айтуынша, ауылда табыс көзі жоқ. 4 баланың қамы үшін таңғы 4-те тұрып, амалсыздан қалаға қарай беттейді.

— Бірақ айлығымызды көтерсе деген, ниет те жоқ емес шығар?

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

-Ниетіміз бар. Біздің еңбегіміз ауыр. Таңғы 3-тен тұрамыз. 2 сағат жол жүріп келеміз. Жол да қазір қыс ауасында қиын. Тайғанақ болады.

— Кеше сөйлескен кезімізде айтып едіңіз, күніне 2-ақ сағат қана ұйықтаймын деп.
— Иа, күніне 2-ақ сағат қана ұйықтаймын. Өйткені, 1 ұл, үш қызым бар. Үлкен қызым тұрмыста одан бір немерем бар. Жолдасым осыдан 4 жыл алдын қайтыс болды. 01:56 Жұмысымыз бірақ өте ауыр әйел адамға.

Білуімізше, елорда тұрғындары жұмыстың бұл түріне бара қоймайды. Сондықтан қарды қолмен жинауға Астанадан 70-80 шақырым қашықтықтағы ауыл адамдары тартылған. «Жұмыстың ауырлығы жазда білінбейді, қыста қиын», — дейді Айгүл апай. Иа, астананың қысы қытымыр. Соның өзінде бас қаланың қарға бөгіп жатқанын көрмейсің. Себебі олар сіз тәтті ұйқыда жатқанда таңмен таласа тұрып, шаһардың шырайын келтіріп қояды.

— Көпбалалы ана ретінде Үкіметтен алмайсыз ба ешқандай жәрдемақы?

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
-Екі қызыма 44 мың теңге аламын. Зарплатаны санайды. Зарплатаңыз көп, асып кетеді деп, берген жоқ.

-Мына жақтың бәрі тап-таза. Сіздер ғой, жинап қойған.
— Иа, күнде осы, осылай жұмыс істейміз. Мына Пирамида жақ, жолдың бойы, барлығы біздің жұмысымыз.
-Бір бөлімшеде қанша адамсыздар?
-Қанша екенін білмеймін. Бір бригадада 30-40 адам.
-Өзіңіз секілді әйел адамдар көп пе?
-Еркек адамдарға қарағанда әйел адамдар көп.

Олардың барлығы жетіскеннен жүрген жоқ әлбетте. Өмірдің заңдылығы сол. «Әркім өзі үшін жанталасады, жан бағады», дейді кейіпкеріміз.

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
-Өмір солай болып қалды қазір. Өз туғаныңыздың да жаны ашымайды.

-Апай, күн 26 градусты көрсетіп тұрғанмен, желмен 33 градус екен. Кішкене жылынып, шай ішіп алайықшы.

Мына шағын күркеде жұмыскерлер жүрек жалғайды, бойларын жылытып шай ішеді. 2 сағаттық үзілістен соң қайта қар күреуге кіріседі. Тіршіліктің тауқыметінен өзге, Айгүл апайдың жанына бататын тағы бір нәрсе бар екен.

-Еңбектеріңізді бағаламайтын адамдарға не айтасыз?

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
«Бағаламайтын да адамдар болады. Жинап кеп жатқаныңызды көріп тұрып, үйдің мусорын әкеп, урнаның қасына тастап кетеді. Олар айтады. Сенің жұмысың ғой, істе деп».
Бірақ мен Астана тазалықта істегеніме арланбаймын. Өйткені осының артында бала-шағамды бағып отырмын.

Қар қалың түскен күні, тиісінше, жұмыс уақыты да ұзарады. Сондай суық күндердің бірінде жүректі жылытқан мына бір оқиға Айгүл ханымның есінен кетпейді.

АЙГҮЛ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
«Бір күні тәуелсіздік сарайының жолында кетіп барамыз, Қар күреп жатырмыз, қар деген борап тұр. Бір кісі термоска шай құйып алыпты. Бізге шай алып кеп беріп жатыр да. Как раз тоңып тұрғанбыз жұмыста. Сол әлі есімнен кетпейді, бүкіл адамға айтып жүремін соны».

Иә, алғысқа бөлейтін жөні бар. Өйткені біздің әр басқан адымымызда маңдай тердің табы жатыр емес пе?!

«4 балапаным бақытты өмір сүрсе, сол маған арман».

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »