Канадада ұсталған Қазақстан тумасының ата-анасы оның кінәсіз екенін айтып, жан ұшыруда
Фото express-k.kz
Еске сала кетейік, АҚШ 2014 жылы Yahoo компаниясына хакерлік шабуыл жасаған ресейліктерге айып таққан. Олар 500 млн есеп жазбасын бұзыпты. АҚШ ресми өкілдердің айтуынша, айыпталғандар қатарында ФҚҚ-нің екі қызметкері мен «екі хакер» бар. Хакерлердің бірі Карим Баратов деп танылып Канадада қамауға алынған.
Енді хакердің ата-анасы Ахмет пен Динара Тоқбергеновтер (Карим анасы жағынан атасының тегін алған) канадалық билік өкілдерінен ұлын сәуірдің 5-де болатын тыңдауға дейін кепілге босатуын сұрап отыр. Олардың айтуынша, балаларының шетелге барып шалқып өмір сүрді дегені шындыққа жанаспайды. Ұлдарының қымбат көліктердің фонында тұрып суретке түсуі — жақсы өмірге ұмтылыс білдіретін кез-келген жасөспірімге тән дүние.
«Жас жеткіншектер өздерін әлбетте бәрінен де озат көрсеткісі келіп керемет жетістікке жеткен тұлға сияқты көрсеткісі келеді», — деп Ахметтің сөзін келтірді британиялық The Independent басылымы.
«Ол өзіне сондай образ жасап, солай көрсеткісі келген ғой. Шындығына келгенде, ол мүлдем басқа адам. Ол сондай момын әрі қарапайым» , — деп жалғастырады айыпталушының анасы.
Карим Баратовтың адвокаттары өз кезегінде, оған деген тағылған айыптың барлығы саясиланған дей келе, оның Канададан Штатқа берілуіне тосқауыл болатындарын айтқан.
Михаил Дворянчиковтің материалынан аударылды.
newstaraz.kz