Мадонна науқасына байланысты әлемдік турын кейінге қалдырды
Ауыр инфекцияға шалдығып жансақтау бөліміне түскен америкалық әнші ауруханадан шықты. Қазір 64 жастағы әнші үйінде, жағдайы жақсы делінеді.
Мадоннаның денсаулығы жайында оның менеджері Гай Осири Инстаграм парақшасына жазған. Ауыр науқасына байланысты әлемдік турнирін кейінге шегергенін хабарлаған.
Page Six порталының жазуынша, Мадоннаны өткен сенбіде ессіз күйінде Нью-Йорк ауруханасына жеткізген.
Мадонна музыкалық мансабының 40 жылдығына байланысты әлемдік турнирге шығып, Канада, АҚШ және Еуропаның 35 қаласында 84 концерт өткізуді жоспарлаған. Сапары 2024 жылдың қаңтар айында аяқталуы тиіс болған.
newstaraz.kz