Новости на Newstaraz.

Оппозиция митингісі алдында Тоқаев шеруге шықпауды ескертті, көп балалы аналар наразылығын да сынады

newstaraz.kz

21 қазан күні президент Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы отырысы кезінде «заңсыз шеруге қатысқандар заңмен жауапқа тартылады» деп мәлімдеді.

— Кім не десе де, біз қабылдаған «Бейбіт шерулер туралы заң» демократияға маңызды қадам. Бейбіт шеруге, демонстрацияға ешкім қарсы емес. Ресми рұқсат алудың да қажеті жоқ. Жиналу үшін тек ескерту қажет. Бірақ кей азаматтар осы талапты да орындамайды. Мен мұндай заңға қайшы әрекетке барғандарға құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті, азаматтарға заңды түсіндіру және құзырлы органдар заңға сәйкес, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік жағдайды көтеруді талап етіп, шеруге жиі шығатын көп балалы аналарды «тәртіп бұзады» деді. Ол әйелдердің шарасын «заңсыз» деп санайды.

— Қоғамда анаға деген құрметті жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы аналар заңсыз ереуілге шығып, айқай шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзып жатыр, – деді Тоқаев онлайн жиында.

Тоқаевтың «заңсыз шерулер жайлы ескертуі» елде 23 қазанға белгіленген қуғындағы бұрынғы банкир «Мұхтар Әблязовтың митингісі» қарсаңында айтылып отыр.

Қазақстанда былтыр «Бейбіт жиын өткізу туралы» заң қабылданған. Алайда құқық қорғаушылар мен сарапшылардың пікірінше, жаңа заң қабылданса да іс жүзінде елеулі өзгеріс болған жоқ. Елде азаматтардың конституциялық бейбіт жиын өткізу құқығы бұрынғыдай бұзылып жатыр. Жергілікті билікте митинг өткізу туралы өтінішті қанағаттандырмауға мүмкіндік беретін барлық тетіктер сақталған. Әкімдіктің рұқсатынсыз наразылық өткізген азаматтар әкімшілік қамауға алынып, ірі айыппұлдар салынады.

Қазақстанда 2019 жылғы қайғылы оқиғадан кейін көп балалы әйелдер әлеуметтік жағдайды жақсартуды, жәрдемақыны өсіруді, баспанамен қамтамасыз етуді талап етіп, жиі наразылық өткізіп келеді. Сарапшылар Қазақстанда көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек баласы бар жанұяларға берілетін жәрдемақының мардымсыз екенін; елде инфляция жоғарылап, азық-түлік бағасы қымбаттап, баспана алу қиындап кеткенін жиі айтады.

Тоқаев 2020 жылғы жолдауында «халық арасында масылдық көңіл-күй артып бара жатқанын» айтқан. Ол биылғы жолдауында да «масылдықты» айтқан. Оның сөзін сарапшылар түрліше бағалады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »