Новости на Newstaraz.

Оралда кәсіпкерді өлтірген екі күдікті ұсталды

newstaraz.kz

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Оралда кәсіпкерді өлтірген екі күдіктінің 8 тамыз таңертең ұсталғанын хабарлады. Департаменттің мәліметінше, 21 және 31 жастағы екі ер адам Орал маңындағы «Көктем» саяжай массивінде ұсталған.

Полицияның сөзінше, күдіктілердің саяжайда тығылғанын тұрғындар көріп, хабарлаған.

— Екеуі де сол жерде болды. Бірақ іздеу шарасы жүріп жатқанын түсінген соң олар қашып кеткісі келді. Тұрғындар олардың қайда қашып кеткенін айтты, — деді БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Жанболат Жаншин брифингте.

Саяжай тұрғындарының сөзінше, күдіктілер иесіз қалған саяжайдың бірінің ауласына келіп тығылған, бірақ үй жабық болғандықтан кіре алмаған. Тұрғындар «күдіктілер көрші саяжайдан қызанақ ұрламақ болғанда көзге түсіп қалғанын» да айтады.

Оралдағы кафе мен мейрамхана иесі, кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кеткен кадрлар 6 тамызда желіде тарап кеткен еді. Видеода үш ер адам кафедегі үстелде әңгімелесіп отырады. Кейін күдіктілердің бірі жанындағы адамды пышақтайды. Мұханғалиев қашып кетпек болады, бірақ оның мәйіті Атоян атындағы стадионның жанындағы автотұрақтан табылған. Полицияның сөзінше, Мұханғалиев жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Полиция бұл оқиғадан соң «топ болып алдын ала сөз байласып адам өлтіру» айыбы бойынша (Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағы) қылмыстық іс қозғаған. Департамент адам өлтіруге «жалақы төлемегендік себеп болған» деген еді. Бірақ 8 тамыздағы брифингте БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Жанболат Жаншин «адам өлтіруге не себеп болғаны белгісіз, қазір барлық нұсқаны тексеріп жатырмыз» деді.

Ал кафенің аты-жөнін атағысы келмеген қызметкері «жалақы төленбеді» деген сөзді жоққа шығарды. Ол күдіктінің бірі «кафеде бес жыл бұрын жұмыс істегенін», «жалақы кешіктіру мүлде болмағанын» айтты.

Кафе қызметкерінің күдіктілер кафенің «крышасы» болу үшін ақша талап етті деп отыр.

«Барлығы басталып кеткен соң келдім, маған екіншісі (21 жастағы күдікті) пышақ ала жүгірді. Мен еден жуатын таяқты әкелуге жүгіріп кеттім, келсем екеуі қашып кетіпті» дейді кафе қызметкері.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »