Новости на Newstaraz.

Прага елінен Ресей елшілігінің 62 қызметкерін шығарады

newstaraz.kz

Ресей мамыр айының соңына дейін Чехиядағы дипломаттар санын Мәскеудегі чех дипмиссия қызметкерлерінің санымен теңдей қысқартуы керек. Осылай деп Чехия сыртқы істер министрі Якуб Кулганек мәлімдеді. Бұл 62 адам қызметін тоқтатады деген сөз.

Сәрсенбі күні Прага Мәскеуден 22 сәуірге дейін Ресейден шығарып жатқан 20 чех елшілігінің қызметкеріне қатысты шешімді қайта қарауды талап еткен. Бірақ министр бұл талапқа Мәскеу жауап бермеді деді.

Кулганек Чехия Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырғысы келмейтінін, бірақ оларда таңдау қалмағанын жеткізді.

«Біздің шешім Ресейге, жалпы Чехияда оқитын, жұмыс істейтін ресейлік азаматтарға төндірген қауіп ретінде қабылданбауы тиіс», – деп мәлімдеді Кулганек.

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш ел президенті Милош Земан үкімет шешімін қолдады деп мәлімдеді. Ол Чехияда ресейшіл саясаткер ретінде танымал.

Осыған дейін Чехия сенаты Ресеймен достық қарым-қатынас жөніндегі келісімді бұзу керек деген ұсыныс айтып, Прагада Ресей елшілігінен тек бір адамды ғана қалдыру керек деген.

Ресей дипломаттарының санын қысқарту жөніндегі шешімді Еуропалық одақ пен НАТО да қолдады. Сәрсенбі күні Словакия Ресейдің үш дипломатын елден шығаратынын мәлімдеді.

Ресей жауап ретінде Мәскеуден Чехия елшілігінің 20 қызметкерін елінен шығарды.

Оның алдында Чехия елінен 18 орыс дипломатын шығарған. Чехия билігі 2014 жылы Врбетиц ауылындағы ауқымды жарылысқа Ресейдің қатысы бары дәлелденді деп отыр.

Ресей болса, мұны теріске шығарады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »