Новости на Newstaraz.

Прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі эксперттік топты құрды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау — Президенттің назарындағы негізгі мәселе болып табылады.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 11 қазан күні Бас прокуратура мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV Форумында «Бизнесті қорғау бойынша жол картасы» бекітілді.

Осы тұрғыдан Түркістан облысының прокуратурасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен бірге бекітілген ынтымақтастық меморандум аясында аталған бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруда.

Өткен мерзім ішінде прокуратура органдары 8 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқығын қорғады.

Жақында облыс прокуратурасының ғимаратында жергілікті атқару органдары өкілдері мен құқық қорғау және бақылаушы органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

Іс шараның негізгімақсаты – кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау мен оны бірлесе отырып шешудің жолын қарастыру болып табылады.

Кеңес барысында мақта өніміне қатысты бағаның тұрақсыздығына байланысты, халықты газбен қамтамасыз етуші монополистердің көрсетілетін қызметтері үшін алдын-ала жүз пайыздық төлемдерді сұрау талаптары бойынша, облыстың 12 ауылдық округіндегі кәсіпкерлердің жер учаскелерін қайта рәсімдеу мәселелері бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша жүйеленген мәселелердің оң шешімін табатын механизмін жасау, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға

бағытталған кезек күттірмейтін шаралардың міндетті қойылатын құқық қорғау мен бақылаушы органдары қызметкерлері құрамынан «эксперттік топ» құру шешімі қабылданды.

Қазіргі таңда облыс прокурорының бұйрығымен «Эксперттік топтың» ережесі бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар анықталды.

Бұдан былай кәсіпкерлер қиындық туғызған мәселелері бойынша облыс прокуратурасы жанынан құрылған «Эксперттік топтың» уәкілетті тұлғаларына облыс прокуратурасы немесе «Атамекен» ҰКП-ның облыстық филиалы арқылы өтініштерін білдіре алады.

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Translate »