Новости на Newstaraz.

Самарқандта жарықтың сөнуіне наразы тұрғындар жолды жапты, полиция кемінде 5 адамды ұстады

newstaraz.kz

Өзбекстанның Самарқанд облысы Пахтачи ауданы Сарой ауылының отызға жуық тұрғыны газ бен электр жарығы мәселесіне наразылық танытып, жолды жапты. Полиция кемінде бес адамды ұстады деп хабарлады Азаттықтың Өзбек қызметі.

Оқиға 5 сәуір күндіз болған. Аудандық полиция Азаттыққа ұсталғандарға әкімшілік шара қолданылатынын айтқан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жылдар бойы газсыз өмір сүріп, тоғыз күн жарықсыз қалған тұрғындар мәселеге биліктің назарын аударту үшін жолды жапқан. Аудан билігі наразылармен сөйлесіп, мәселелерін шешуге уәде берген. Тек содан кейін тұрғындар тараған.

– 20 жылдан бері газсыз өмір сүріп келе жатырмыз. Адамдар онсыз өмір сүруге үйреніп қалды. Бірақ егер жарықты сөндірсе, халықтың шыдамы таусылады. Жарықтың сөндірілгеніне он күннен асты. Сәбиі бар, қарттары бар отбасылар бар. Газсыз, жарықсыз өмір сүру қиын. Электр желісінің өкілдері келіп трансформатордың бұзылғанын айтып, әрбір пәтерден 50 мың сомнан (шамамен 5 доллар) жинайтынын айтты. Осы кезде тұрғындар ашуланып, наразылыққа шығып, жолды жапты, – деді куәгерлердің бірі.

Азаттық тілшісінің қолына түскен видеода 30-дан астам адамның трассаны жауып тұрғаны, көлік кептелісі пайда болғаны көрінеді.

Аудандық электр станциясының мамандары Азаттыққа дүйсенбі күні кешке ауылға жарықтың берілгенін растады.

Қаңтар айының басында президент Шавкат Мирзияев Жизақ облысына барған кезде бір топ адам газ бен электр энергиясының жоқтығына наразылық білдіріп, жолды жапқан. Кейінірек полиция бес адамды әкімшілік қамауға алып, төртеуіне ескерту берген. Оларға «билік өкілінің талабына бағынбады, қарсылық көрсетті» деген айып тағылған.

Жыл басынан бері Өзбекстанда электр энергиясы мен газ тапшылығы мәселесіне байланысты наразылық өршіген. Шенеуніктер тұрғындарға көмір үлестіріп, мәселелерін шешуге уәде берген. Бірақ елде энергетикалық дағдарыс әлі жалғасып жатыр.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »