Новости на Newstaraz.

ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК ӘКЕЛГЕНДЕРГЕ БІР ЖЫЛ УАҚЫТ БЕРІЛДІ

newstaraz.kz

Елімізге шетелден көлік әкелгендерге бір жыл уақыт берілді. Не біздің елдің талабына сай тіркейді иә болмаса автосы елден шығарылады. Бүгін Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Жиын барысында он жылда 7 триллион теңге ақшаны алуын алып, бірақ жөнді нәтиже көрсете алмай келе жатқан мемлекеттік холдингтер де сынға ілікті. Сонымен, мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындай алмаған шенеуніктер, қашан жұмыстан қуылатыны да белгілі болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан президент алдымен премьер-министр, ұлттық банк төрағасы және бірқатар өңір басшыларының есебін тыңдап алатынын ескертіп сөз берді. Еске салайық, осындай форматта өткен осыған дейінгі отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері егжей-текжейлі қаралып тиісті тапсырмалар берілген еді. Енді міне, жүктелген міндеттердің орындалу барысы тыңдалды».

«Для эффективного решения поставленных вами задач»
«По вашему поручению».
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша әзірленген»
«Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша сіздің берген тапсырмаңызды орындау үшін».
«Өткен жиында берген тапсырмаларыңыз бойынша жұмыстар атқарылып жатыр».

Жылды қорытындылау оңай шаруа емес. Есеп барысында «Сіздің тапсырмаңызбен, сіздің айтуыңызбен, сіздің нұсқауыңызбен» деп сөз саптағандар көп болды. Бұл отырыстың орны бөлек. Көптен бері көпшілік алдына шықпай кеткендер де, елордадағы отырысқа жарты әлемге жар салып Шымкенттен пойызбен шыққандар да төбе көрсетті. Алдымен Асқар Мамин бастап, Ерболат Досаев қостап баяндамаларын оқи бастады. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасына кез келген несиенің сұрауы барын ескертті.

Осыған дейін 1 миллионнан астам адамның банк алдындағы қарызы кешірілген еді. Енді мұндай қателік қайталанбас үшін талаптар қайта қаралуы керек екен.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Кредитті кім қайтара алады, соған беру керек. Жеке тұлғаларға берілген несие 1 трлн 400 млрд теңгеге өсіп, 6,7 трлн теңгеге жетті. Олардың толық қайтарылуы өз алдына бөлек сұрақ. Ал заңды тұлғаларға берілетін несие 590 млрд теңгеге қысқарды».
Жалпы алғанда қаржы саласының хәлі мәз емес екен. Осы бағытта берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалауда болатынын президент айтты.

Бердібек Сапарбаевтың әлеуметтік саладағы жасалған жұмыстарға қатысты есебінен кейін де бір мәселенің шеті шықты. Вице-премьерден Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің үлес салмағы сұралды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Квотаны былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 40 пайызға кеміттік. Яғни былтыр 49000 мың шетелдік қазақстандық кәсіпорындарда тартылса, біз оны 29 мыңға дейін төмендеттік. 5 жыл бұрынды есептесек, ол кезде 100 мың шетелдік тартылған болатын».

Шетелдік азаматтар отандастарымыздан артық емес. Сондықтан еңбек жүктемесінде де, жалақы төлемінде де айырмашылық жер мен көктей болмауы керек екені жеткізілді. Ал елорда әкімі әңгіменің әлқиссасын мынадан бастады.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жыл басында проблемасы бар, салынбай қалған үйлердің саны 76 еді. 14 500 үлескерлердің мәселесі созылып кетті. Соттан шаршап, құжаттары дұрыс болмай, қаржы тапшылығына тап болғандардың мәселесі «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешіле бастады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 нысан салынып, 2500 адамның шаруасы шешілді».

Қасым-Жомарт Тоқаев Көлгіновке «Елорда еліміздің бет-бейнесі» екенін ескертіп, оның күтімі мен дамуына аса мән беру керек екенін қаперінде ұстауды тапсырды.

Кейінгі уақытта қоғамда көп талқыланған мәселенің бірі шетелдік көліктер. Бейресми дерек бойынша олардың саны 10 мыңнан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырды. Ал ел территориясында жүрген авто иелеріне мынадай талап қойды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Олар техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмауы тиіс. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі қажет. Үкіметке Қазақстанның заңнамасына қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын».

Көлік тақырыбын жалғастыра отырып тағы бір шектеуге тоқталайын. Президент қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға сондай-ақ, түрлі форумдар өткізу беруге ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынды. Негізсіз шығындалғанша, ол қаражатты ел игілігіне жұмсау ақылға қонымды.

Үкімет отырысында қатты сыналған саланың тағы бірі — шығыны көп, пайдасы аз квазимемлекеттік компаниялар. 2007-2018 жылдар аралығында холдингтерге 7 триллион теңге ақша бөлінген. Нәтиже қайда?

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Есеп комитетінің сараптамасы бойынша бірқатар проблемалар анықталды. Бір қызметті бірқатар мекеме атқарып отырғаны, құрылымдар мен штаттардың көптігі бөлек әңгіме. Мысалы, «Бәйтерек» холдингі. 63 мекемесі мен 11 еншілес компаниясы бар. 2800 адам жұмыс істейді. «ҚазАгро» — 3 еншілес компания, 2000 қызметкерді ұстап отыр. «Бәйтеректің» әкімшілік шығыны 54 миллиард теңгеден асып кеткен. Соның ішінде жалақыға деп жұмсағандары 24 миллиард. Шынымды айтсам, холдингтің реформа жасап жатқанын байқамадым».

Бұл отырыста бес деген бағаны ешкім алған жоқ. Білім және ғылым министріне өзі басқаратын салада диплом сатылып жатқанын тыю тапсырылды. Денсаулық сақтау министріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың халық арасында түсіндіру жұмысының әлсіздігі ескертілді. Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мен Сауда және интеграция министріне келгенде, екеуін арнайы орындарынан тұрғызды. Бір бірін танып жүрсін дегені болар. Бірлесе отырып жұмыс істеу жайында тапсырмаға бұл кісілер де «Құп!» деді. Қысқасы, Мемлекет басшысы Үкіметке уақыт берді.

«Жиынды қорытындылай келе мемлекет басшысы осыған дейін тапсырылған тапсырмалардың дені орындалмағанын баса айтты. Бірақ, ешкімге сөгіс жариялаған жоқ. Бүгінгі отырыста берілген тапсырмаларға көктемде қайта тоқталмақ. Сол кезде жүктеген міндетті орындамағандар не орындай алмағандар қызметінен кетуге дайын болсын, деді президент».

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »