Новости на Newstaraz.

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінде жыл қорытындысы шығарылды

newstaraz.kz

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінде өткен жылдың қорытындысы шығарылып, 2021 жылға арналған жоспарлар айтылды.

 

Қалалық Департамент бастығы полковник Алмаз Тлеуханов жиналғандарға атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Мекеме басшысы қаладағы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармалардың және Департамент жеке құрамының алдына қойылған жоғары жауынгерлік әзірлікті қолдау және қызметтік жұмысты жетілдіру жөніндегі міндеттер барлық қиындықтарға қарамастан орындалғаны туралы айтылды, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары халық пен Қарулы Күштер арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынын атап өтті.

« Өткен жылы біз екі шақыру науқанын сәтті өткіздік. Шақыру учаскелеріне 3000-нан астам адам келді. Комиссия қорытындысы бойынша әскери борышын өтеу үшін 1500-ге жуық адам жіберілді. Қала үшін белгіленген тапсырма 105% орындалды», — деді полковник Алмаз Тілеуханов.

Кеңес барысында пандемиямен күрес кезеңінде Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруды сапалы және жедел ұйымдастырған жұмылдыру басқармасының жұмысы жоғары бағаланды.

Айта кетсек, өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер әсерінен әскерге шақыру басқа форматта өтті. Шақырылушылар мен лауазымды тұлғалар арасында инфекцияның таралуының алдын алу үшін жинақ пункттерде медициналық бекеттер құрылды. Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жүргізілген жоқ. Медициналық комиссия құрамына қосымша инфекционист дәрігерлер енгізілді. Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберер алдында міндетті түрде COVID-19-ға ПТР тестілеу әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Қорытынды шығару соңында Департамент бастығы бірқатар әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлерді грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады, сондай – ақ Қарулы Күштерде «Ұлы дала әскері-Тәуелсіздік тірегі!» атты жауынгерлік сайыс ұранымен өтетін 2021 жылға арналған міндеттерді қойды.

 

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »