Новости на Newstaraz.

СІМ: Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін талқылады

СІМ: Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін талқылады

25 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін онлайн режимде талқылады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, консулдық консультациялардың 19-отырысына Қазақстан жағынан консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Қытай жағынан консулдық департамент директоры Цуй Айминь және екі тараптың өзге де өкілдері қатысқан.

«Консультациялар барысында Қазақстан тарапы екі мемлекеттің ұлты қазақ азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді» делінген Қазақстан СІМ-нің қысқа хабарламасында.

Онда конференция барысында екі ел азаматтарының виза алуы, кіріп-шығу мәселелері де талқыланғаны жазылған.

Қытайда жақындары қамалған немесе сол жақтан келе алмай қалған адамдардың туыстарының Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық өткізіп жатқанына 19 күн болды. Солардың бірі Фарида Қабылбек «бұл мәселе екі жақ арасында қаншама рет талқыланды, нәтиже жоқ, туыстарымыз түрмеден шықпайынша акцияны тоқтатпаймыз» деді.

— Осы уақытқа дейін [Қазақстан] сыртқы істер министрлігінің артынан 4 жыл жүрдік. Арты — 4 жыл, алды — 17 жыл жүр. Шыдамымыз таусылды, енді біз өзіміз қарекет жасаймыз. Ана жерде біреулер «сендерді біреулер, «Атажұрт» жетелеп жүр» дегенге келтіреді. Біз ол жерге жақындарымызды іздеп шығып тұрмыз. Ерігіп шығып тұрған жоқпыз, — дейді ашынған Фарида Қабылбек жұма күні Азаттық тілшісіне.

Қытайдың Шыңжаң аймағында қалған туыстарын іздеген қазақстандықтар бірнеше жылдан бері Қазақстанда жиын өткізіп, пикеттерге шығып, Қытайда қалған туыстарына араша сұрап келеді. Олар Қазақстан сыртқы істер министрлігінен «Қытайда қамалғандар — Пекиннің ішкі ісі, оған араласа алмаймыз» деген жауап алған. Ал Қытай консулдығы жауап бермеген.

centralasian.org

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »