Новости на Newstaraz.

СИРИЯДА СОҒЫСҚАНДАР СОҢҒЫ СӨЗДЕРІН АЙТТЫ

newstaraz.kz

Сирияда өлі адамның басымен суретке түсіп, соғысқа қатысқан содырлар соңғы сөзін айтты. ДАИШ лаңкестік тобының өкілдеріне қатысты Елордада өтіп жатқан сот жарыссөзіне 14 күдікті қатысқан. Олардың бәрі Шам елінде кім үшін және не үшін соғысқандарын білмейді. Тек «кінәлімін, жаза бастым» деп, ағынан жарылып отыр олар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
АМАНЖОЛ ЖАНСЕНГІРОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:
«Өзіммен қоса әйел, бала-шағамның өмірін қауіп қатерге тігіп, саясат ойыншығы болғанымды кеш түсіндім. Жаным күйзеліп, қиналамын. Басымды тауға да, тасқа да ұрып, көптеген сынақтарды көріп келдім. Сол себепті қатемді түсініп келдім».

Бұл Аманжол Жансенгіров. 8 жылдан бері жақындарынан жырақта жүрген ол жаза басқанын мойындап тұр. Құйтырқы саясаттың құрбаны болдым деп есептейді өзін. Шалыс басып, жат ағымның жетегінде кеткен отандасымыз соңғы сөзін бір сағатқа жуық оқыды. Тіпті, арасында өлеңдетіп те жіберді. Алайда, оның бұл өкінішінің шын-өтірігін ажырату қиын..

«Алдандым, айыптымын өзімде, Сағындым сені -туған елім, туған жерім. АҚШ әскеріне өз еркіммен берілдім. Саған оралу үшін қайран туған елім».

«Елге оралсақ, қалай қабылдар екен» деген уайымға салындым деп сабақтады сөзін тағы бір сотталушы Ермұхан Айыпқалиев. Атырау облысының тумасы көпбалалы отбасында өсіпті. Орта білімі де бар. Жұмақты аңсап, туған елін тастай қашқан ол 1-ші топтағы мүгедек болып оралды. Айыпқалиев та айыбын түсініп, көз жасына ерік берді.

14 күдікті Сирияда 5 жылдан астам уақыт болған. Прокурорлардың мәліметінше, бәрі арнайы дайындықтан өтіпті. 2012-13 жылдары аралығында Сирия аумағына аттанғанға дейін «Ислам жиһады одағы» террористік тобының құрамында болыпты. Сөйтіп, Ауғанстан әскери күштеріне қарсы террористік әрекеттерге белсене қатысқан. Барлығы елге «Жусан» операциясы кезінде жеткізілген. Сот алдында жауап беріп жатқандардың ең жасы 22-де. Тоқсан томнан асатын қылмыстық іске жуық арада нүкте қойылмақ.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »